Мақат ауданы Бәйгетөбе ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүруде

(0 Votes)

Қазір іргетасы құйылып, тас қалау жұмыстары жасалуда. Бұл туралы аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Әбілқайыр Қадыров мәлім етті, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Ауданы 1308,5 шаршы метр нысан жоба бойынша 2 қабатты. Ғимаратта жаттықтырушылар, дәрігерлер, күзетшілер бөлмесі, бокс, күрес залы мен спортзал және ерлер мен әйелдерге арналған киім ауыстыру, сондай-ақ жуыну бөлмесі қарастырылған. 

 ⁃ Құрылыс маусым айында басталды, келер жылы маусымда аяқтауды жоспарлар отырмыз. Жұмыстың 15 %-ы орындалды және өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде. Мердігер мекеме - «Альтаир-СК 7» ЖШС, - деді Ә. Қадыров.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT