Мұнай-газ компаниялары Қазақстанның энергетика саласындағы өзгешеліктерді және инклюзия принциптерін ынталандыруға ықпал етеді (+ВИДЕО)

(0 Votes)

Атырауда «Теңізшевройл» (ТШО) және Норт Каспиан Оперейтинг Компани (НКОК) компанияларының ұйымдастыруымен «Энергетика саласындағы әйелдер қауымы: жаңа көкжиектерді бағындыру» форумы  болып өтті.

Форумның негізгі мақсаты әдетте ерлердің саласы болып саналатын мұнай-газ өнеркәсібіндегі гендерлік әртүрлілік пен инклюзивтікті алға бастыру, сондай-ақ, әйелдердің басшылық қызметке қадам басуына және өз мақсаттарына жетуіне көбірек мүмкіндік беретін идеялар мен компания бастамаларымен бөлісу болды. Көптеген зерттеулер мен статистика мәліметтері әралуандылық пен инклюзияға басымдық беретін жұмыс орындары қауіпсіз, үйлесімді және өнімді жұмыс ортасын қамтамасыз ететінін, нәтижесінде  анағұрлым тиімді компания қалыптастыратыны дәлелдеді.

Форум барысында мамандар Қазақстанның энергетика саласындағы басшылық қызметтерге әйелдерді жоғарылату үшін не қажет екеніне тоқталды.  Әлі де қандай кедергі бар, олар нақты  ма, әлде жалған ба?

ТШО  қызметкерлерінің 30%-ы әйелдер, тіпті, басшылық қызметтің 30 %-ы солардың еншісінде, аса маңызды салаларға жауап береді.  Тұтастай алғанда, кәсіпшілік нысандарынан бастап газ айдауға дейін, нысандарды жобалаудан маркетинг пен тасымалдауға дейін әйелдер бизнестің өндірістік, технологиялық, ғылыми және инженерлік бағыттарында маңызды рөл атқаруда. 2011жылмен салыстырғанда орта буын басшылықтағы әйелдердің үлесі 7%-ға артты. 

Қазіргі уақытта НКОК-дағы 3000-ға жуық қызметкердің шамамен 30%-ын әйелдер құрап отыр.  Олардың жартысына жуығы компанияның табысы жолында ерлермен  қатар еңбек етіп жүрген техникалық білімі бар кәсіби мамандар.  

mnaj-gaz-kompaniyasy2

Форум барысында  мемлекеттік органдардың өкілдері, НКОК пен ТШО-ның  топ-менеджменті, мұнай-газ саласындағы басшы әйелдер мен онлайн режимінде қосылған арнайы қонақтар әйелдердің кәсіби тұрғыда дамуы мен тұлғалық өсуі, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, мансаптық және гендерлік рөлдерді теңестіру бойынша тәжірибелерімен бөлісіп, жалақыдағы айырмашылық пен қызмет бабында өсуге қатысты және басқа да мәселелерді талқылады.  

ТШО бас директорының орынбасары Көңілқош Сүйесінов: «Мен әйелдердің осынау қарқынды сектордан өз орнын алуына мүмкіндік беруді осы бағытта жалғастыру керек деп санаймын. Сонымен қатар,  өз ұйымым мен серіктес компаниялардағы әйелдерге бірдей деңгейде қолдау  көрсетілетінін мақтан тұтамын. Әйелдердің қауіпсіз, сенімді және қолжетімді энергиямен қамтамасыз етумен ғана шектеліп қоймай, Қазақстанның энергетикалық секторын дамытудағы рөлі одан әрі арта түсетініне сенімдімін» деп атап өтті.

НКОК-тың басқарушы директоры Оливье Лазардың айтуынша: «Саланың одан әрі ілгерілеуі үшін, бізге баршамыздың, ерлер мен әйелдердің бірлесе отырып, тұрақты дамуға үлес қосқаны керек.Гендерлік тепе-теңдік-бұл тек жақсы ұйымдастырылған тәжірибе ғана емес, ол  пікір алуандығын, тәжірибедегі, білім  мен идеядағы және  көзқарастағы  әртүрлілікті  қолдау. НКОК әр қызметкерінің ойы ескерілетін ұйым болуды көздейді және де біз жан-жақты және инклюзивті ұйым болу жолындамыз».

mnaj-gaz-kompaniyasy1

Форум өзін тәжірибе алмасу, кең ауқымда іскерлік серіктестік орнату және мұнай-газ және энергетика салаларындағы әйелдердің мансаптық өсуіне ықпал ететін таланттар мен дағдыларды дамытуға көмектесетін  тиімді  алаң ретінде көрсетті.

Соңғы жаңалықтар

Республика күні

25qazan-respublika

Фотогалерея

Сауалнама

Вакцинаға көзқарасыңыз қандай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика