МҚІА қоғамдық маңызы бар мемлекеттік қызметтерді бағалауды жүргізетін болады

(0 Votes)

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев мемлекеттік органның 2022 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша жұмысын қорытындылады.

Мәжіліс барысында мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту және халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру жөніндегі жұмыстың негізгі басымдықтары айқындалды.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Агенттікке жаңа функциялар – мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту мәселелері бойынша мониторинг пен талдау жүргізу, оның ішінде мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдерін зерделеу жүктелді.

Бұл жұмыс арнайы әзірленген әдістемені ескере отырып, денсаулық сақтау, білім беру, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау салаларында жүргізілетін болады. Талдау жұмысының нәтижелері Президент Әкімшілігіне 2023 жылғы 20 қаңтарға дейін енгізіледі», – деп атап өтті Агенттік Төрағасы.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңға соңғы түзетулермен«қоғамдық маңызы бар қызмет» деген жаңа ұғым енгізілді, ол үздіксіз негізде жүзеге асырылатын және қоғам өкілдерінің заңды мүдделерін қанағаттандыруға бағытталатын болады.

Бұдан былай мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалаудан бөлек, Агенттік қоғамдық мониторинг шеңберінде қоғамдық маңызы бар қызметтерді бағалап, оларды ұсыну сапасын жақсарту бойынша ұсынымдар шығарады.

Бүгінгі күні қызмет алушылар тарапынан шағымдарды күтпей, қызмет көрсету мерзімдерінің сақталуына және бас тарту негіздеріне қашықтықтан мониторинг жүргізу жұмысы оң нәтижесін көрсетуде. Бұл қызмет алушылардың шағымдарын күтпей-ақ, тиісті шараларды қабылдауда проактивтілік пен жеделдікті қамтамасыз етеді.

Қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қорғау мәселесі және ол туралы ақпараттандыру ерекше маңызға ие болып отыр.

Жыл басында 5 мыңнан астам түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылып, мемлекеттік қызметтерді көрсету орындарында 50 мыңға жуық түсіндіру плакаттары мен ақпараттық баннерлер орналастырылды.

Нәтижесінде 111 қызмет алушының құқықтары қорғалып, қалпына келтірілді. Бұл өткен жылдың тура осы кезеңімен салыстырғанда 18%-ға (91), ал 2020 жылмен салыстырғанда 42%-ға (64) артық көрсеткіш.

 

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері

агенттігінің Баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Фотогалерея

Референдум

referendum-banner-1

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика