Лудомания – адамның құмар ойындарға деген тәуелділігі, ол физикалық, психологиялық, қаржылық немесе әлеуметтік әл-ауқатқа теріс әсер етеді. Қазіргі заманғы технологиялар мен интрузивті жарнама дәуірінде құмар ойындарға тартылу оңай әрі жылдам жүреді. Нәтижесінде, құмар ойындарға тәуелді адамдардың саны күн санап артып келеді.
Мамандар лудомания дертінің пайда болуына келесі негізгі факторларды атап көрсетеді:
- Биологиялық факторлар: Генетикалық бейімділік, жүйке жүйесінің ерекшеліктері.
- Психологиялық факторлар: Өзін-өзі бақылаудың әлсіздігі, эмоционалды тұрақсыздық, стресс және өмірден қанағаттанбаушылық.
- Әлеуметтік факторлар: Қоршаған ортаның әсері, қаржылық қиындықтар, әлеуметтік қысым.
- Рухани факторлар: Өзін-өзі табу мәселелері, ішкі күйзелістер.
Лудоманияның басты ерекшеліктері адамның психологиясы мен мінез-құлқына байланысты:
- Әлеуметтік батылдық: Тәуекелге бейімділік, мінез-құлық нормаларына бағынбау.
- Сезімдерге бейімділік: Эмоцияларға тым берілу, қабылдаған шешімдердің тұрақсыздығы.
- Экспрессивтілік: Ойлаудың эмоционалды сипаты, сәттілікке шамадан тыс сенім.
- Өзін-өзі бақылаудың әлсіздігі: Өз ойлары мен іс-әрекеттеріндегі қақтығыстар.
- Қанағаттанбаушылық пен шиеленіс: Ұмтылыстардың орындалмауынан туындайтын ашушаңдық.
- Өзін-өзі бағалаудың төмендігі: Өз мүмкіндіктерін дұрыс бағаламау.
Лудоманияның даму кезеңдері:
- Жеңіс фазасы
Алғашқы кезеңде ойыншы бірнеше жеңіске жетіп, оңай табыс табу мүмкіндігіне сенеді. Осы сәттен бастап ойынды қаржыландыруға жұмсалатын ақша мен уақыт көлемі арта түседі. - Жеңіліс фазасы
Құмар ойыншы жиі жеңіле бастайды. Қаржылық қиындықтар туындап, қарыз алу немесе кредит рәсімдеу қажеттілігі туады. - Көңілсіздік фазасы
Бұл кезеңде адам өз отбасы мен жақындарынан алыстай бастайды, олардың қолдауынан айырылады. Туыстармен қарым-қатынасы бұзылып, адам депрессияға ұшырайды. - Шарасыздық фазасы
Соңғы кезеңде ойынға деген тәуелділік өз шегіне жетеді. Адам қылмыстық әрекеттерге баруы немесе психоактивті заттарға тәуелді болуы мүмкін. Бұл жағдай суицидке әкелуі ықтимал.
Лудомания адамның тек өзіне ғана емес, жақындарына да ауыр соққы болады. Көңіл-күйдің тұрақсыздығы, агрессия, ішімдікке тәуелділік – осының бәрі тәуелділіктің қосымша салдарына айналуы мүмкін. Мұндай адамдар кейде жанжал шығарып, өз ашуын айналасындағы адамдардан алады.
Лудоманияны емдеу ұзақ әрі күрделі процесс. Оның негізгі тәсілдері мыналар:
- Психотерапия
Науқаспен жеке және топтық терапия жүргізіледі. Тәуелділіктің себебін анықтап, адамға жағдайын түсінуге көмектесу маңызды. - Қолдау көрсету
Лудоманиямен күресте отбасы мен достарының қолдауы аса маңызды. Науқастың өз еркімен емделуге келісімі – емнің ең негізгі бөлігі. - Алдын алу шаралары
Лудоманияның алғашқы белгілерін байқаған сәтте маманнан көмек сұрау қажет. Бұл кезеңде қолдау мен дұрыс бағыт беру тәуелділіктің дамуын тоқтатуы мүмкін.
Қорытындылай келе, лудомания – қауіпті тәуелділік, ол адамның өмірін ғана емес, жақындарының да тағдырын бұзады. Ерте кезеңде анықталған жағдайда, бұл дертті жеңуге мүмкіндік бар. Дұрыс ем мен психологиялық қолдау арқылы құмар ойындарға тәуелділікке қарсы тұруға болады. Ең бастысы, адамда емделуге деген шынайы ниет болуы қажет.
Кенжиева Т.Н, Дюсебалиева Б.С.
Психиатр дәрігерлер