Түркітілдес журналистер қоры 2025 жылдың 4 қыркүйегі күні сағат 19.00-де (Астана уақыты бойынша) ZOOM платформасы арқылы «Шеврон» компаниясының әлеуметтік жобалар бойынша серіктестерімен кездесу өткізеді.
Кездесудің басты мақсаты — БАҚ өкілдеріне «Шевронның» Қазақ қоғамын дамытуға үлес қосып жатқан әлеуметтік жобалары мен серіктестері туралы ақпарат беру.
Осының нәтижесінде, БАҚ өкілдері газеттер мен сайттарға мақала жазып, «Әлеумет — қоғам айнасы» байқауына қатысу үшін ТҮркітілдес журоналистер қорына жолдайды. Ұйымдастыру комитеті іріктеуден өткізіп, Қазылар алқасына тапсырады.