Ауа райының қолайсыздығы мен қардың түсуі салдарынан қала ішіндегі жолдарда қозғалыс айтарлықтай қиындайды.
Қалың тұман, көктайғақ және желдің күшеюі жолдағы қауіп-қатерді арттыруда. Осыған байланысты көлік жүргізушілерін жолда аса сақ болуға шақырамыз. Жылдамдықты төмендетіп, алдыңғы көлікпен қауіпсіз арақашықтықты сақтаңыздар.
Кенет маневр жасаудан, күрт тежеуден аулақ болып, жолдың қауіпті учаскелерінде мұқият болуларыңызды сұраймыз. Сонымен қатар жаяу жүргіншілерге жолдан тек белгіленген жаяу жүргіншілер өткелдері арқылы өтіп, бағдаршам сигналдарын қатаң сақтау қажеттігін ескертеміз.
Қараңғы уақытта жарық шағылыстыратын элементтерді қолдану өз қауіпсіздіктеріңіз үшін аса маңызды. Көктайғақ кезінде асықпай жүріп, жолға кенеттен шықпауларыңызды сұраймыз. Осы ретте, 112 нөмірінен келіп түсетін SMS-хабарламаларды назардан тыс қалдырмай, ауа райы күрт нашарлаған жағдайда алыс жолға шықпауға, көлік құралдарын қысқы маусымға толық дайындауға, қысқы шиналарды қолдануға және төтенше жағдай туындаған кезде 102 нөміріне хабарласуға кеңес береміз.


