Құрметті Атырау облысының тұрғындары!

(0 Votes)

Атырау облысы полиция департаменті «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жасау, оның ішінде өңірде есірткі өндірісін және таралуын болдырмау бойынша шаралар қабылдауда.

Есірткінің заңсыз айналымы фактілерінің жолын кесу мен қатар Атырау облысы полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы күшті әсер ететін заттардың айналымын шектеу бойынша іс-шараларды жүзеге асыруда. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшті әсер ететін заттардың, оның ішінде «күлдіретін газ» деген атаумен танымал болған азот тотығының заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу бөлігінде заңнамалық түзетулер күшіне енді.

Аталған қылмыстық іс-әрекеттер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 301-бабына сәйкес 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Осыған орай, полиция департаменті ескертеді: күшті әсер ететін заттарды заңсыз әкелу, сақтау немесе өткізу әрекеттері шекарадан бастап соңғы тұтынушыға дейін барлық кезеңде қатаң түрде жолы кесілетін болады.

Азаматтардың денсаулығы мен қауіпсіздігі полиция департаментінің басым бағыты болып қала береді. Аталған бағыттағы жұмыс департамент басшылығының бақылауында және ұдайы жүргізіледі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT