Облыстық білім беру басқармасы Әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес білім бөлімдерінің әдіскерлері арасында «Үздік әдіскер» облыстық байқауы ұйымдастырылды. Мақсаты – әдістемелік жұмысты ұйымдастырудағы барлық деңгейдегі әдіскерлердің инновациялық үздік жұмыс тәжірибесін анықтап, тарату және олардың кәсіби шеберлігін көтеру, қолдау.
Байқауға Индер, Жылыой, Құрманғазы, Мақат, Исатай, Қызылқоға ауданы білім бөлімдерінің әдіскерлері қатысып, өзара бақ сынады. «Жоба жұмысын қорғау», «Тест», «Қатысқан сабаққа талдау жасау» сынды үш кезеңді қамтыған сайыста үміткерлер өздерінің кәсіби шеберліктері мен біліктіліктерін көрсетуден аянып қалмады. Байқау қорытындысы бойынша Жылыой ауданы білім бөлімінің әдіскері Жазира Ихсанова «Үздік әдіскер» атанды. Ал ауданымыздан қатысқан Құрманғазы ауданы білім бөлімі Әдістемелік кабинетінің әдіскері Айгул Тулегенқызы Ахметжанова жүлделі ІІІ орынды иеленді. Байқаудың барлық қатысушысы Әдістемелік орталықтың дипломдарымен, алғыс хаттарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Айнагүл Шакупова