Конституцияға енгізілген өзгерістер қазақ халқының әл-ауқатын арттырады – ТүркПА делегациясы

(0 Votes)

Қазақстан Конституциясына енгізілген өзгерістер қазақ халқының әл-ауқатын арттырады. Бұл туралы ТүркПА байқаушылары делегациясының жетекшісі Реджеп Шекер айтты.

«Референдумға шығарылған Қазақстан Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы елдің Ата заңының 33 бабына түзетулерді қамтиды. Түзетулер топтамасы билік тепе-теңдігін арттыру, Конституциялық сот құру, сайлау жүйесін өзгерту, өлім жазасын алып тастау және адам құқықтары жөніндегі уәкілге институтционалды мәртебе беру сияқты бірқатар демократиялық нормаларды қамтиды. Конституцияға енгізілген бұл өзгерістер Қазақстан Республикасының және бүкіл қазақ халқының әл-ауқатының артуына септігін тигізетіндігін шын жүректен сенеміз», - деді Реджеп Шекер.

Оның атап өтуінше, ТүркПА маусым күні елордадағы бірнеше референдум учаскесі ашылған сәттен дауыстарды санауына дейінгі аралықта байқау жүргізген.

«Делегациямыз референдум учаскелері көпшілігінің мүгедектігі бар сайлаушыларға арналған пандустармен, көру қабілеті бұзылған жандарға арналған көмекші құрылғылармен жабдықталуын жоғары бағалайды. Референдумның тыныш әрі бейбіт жағдайда өткенін атап өтеді. Сайлау учаскелерінде дауыс беру процесі жоғары деңгейде ұйымдастырылған», - деді ол.

Айта кетерлігі, бұл елегация құрамына Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия депутаттары, сонымен қатар ТүркПА хатшылығының қызметкерлері кірді.


 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT