Үкімет көмір жеткізу тізбегіндегі өнімсіз делдалдарды жою жұмыстарын бастады

(0 Votes)

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен коммуналдық көмірге баға белгілеу мәселесі қаралды.

Көмірді тауар биржасы арқылы өткізу бойынша пилоттық жобаның нәтижесі талқыланды. Бұл механизм өзінің тиімділігін көрсетті – делдалдардың саны қысқарды, бөлшек сатушылардың көмір кеніштерінің ресурстарына тікелей қол жеткізуі қамтамасыз етілді. Көмір құнына оңтайлы баға белгілеуді қамтамасыз ету мақсатында Үкімет өнімсіз делдалдарды шеттету жұмыстарын бастады.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму, сауда және интеграция министрліктері мен Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі халықты көмірмен қамтамасыз ету тізбегіндегі қажетсіз байланыстарды жою және тауар биржасы арқылы сатылатын көмір көлемін кезең-кезеңімен ұлғайту шараларын әзірлеуде. Бұл жұмыс Үкіметтің ерекше бақылауында.

 

primeminister.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика