Халықтың табысын арттыру бағдарламасына 197 млрд теңге жұмсалады

(0 Votes)

2025 жылға дейін халықтың табысын арттыру бағдарламасына 197 млрд теңге жұмсалады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты.

«Барлығы белгіленген. 2025 жылға дейін халықтың табысын арттыру бағдарламасына 197 млрд теңге бағытталған», - деді Үкімет басшысының орынбасары «2025 жылға дейін халықтың табысын арттыру бағдарламасы» кешенді жоспарын жүзеге асыру жөніндегі кеңес барысында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Айта кетейік, осы жылдың наурыз айында ел Үкіметі қабылдаған 2025 жылға дейін халықтың табысын арттыру бағдарламасы аясында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жаңа жұмыс орындарын құру, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, еңбек ресурстарының дағдыларын жетілдіру және жастарды кәсіптік бағдарлау бойынша 3 негізгі бағытта жұмыс жүргізеді.

Межелі жылға дейін елімізде 2 млн жұмыс орны құрылады.

 

Inform.kz

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика