2025 жылғы 17 қыркүйектен бастап Қазақстанда ҚР Қылмыстық кодексіне мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткені және заңсыз көші-қонды ұйымдастырғаны үшін жазаны қатаңдатуды қарастыратын өзгерістер күшіне енеді. Заңға Мемлекет басшысы 16 шілдеде қол қойды, енді мұндай құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік айтарлықтай артады. ҚР ҰҚК ШҚ Атырау облысы бойынша департаменті жаңа заң ҚР ҚК 392 және 394-баптары бойынша айыппұл санкцияларын да, бас бостандығынан айыру мерзімдерін де күшейтетінін хабарлайды. Бұл өзгерістер қылмыстық заңнаманы оңтайландыруға және мемлекеттік шекараны қорғау деңгейін арттыруға бағытталған. Атап айтқанда, 392-бап («Мемлекеттік шекараны қасақана заңсыз кесіп өту») бойынша бас бостандығынан айыру түріндегі жаза ұлғайтылды: егер бұрын мерзім бір жылға дейін болса, енді ол үш жылға жетуі мүмкін. Айыппұл мөлшері бір мыңнан екі мың айлық есептік көрсеткішке дейін өсті. Бұл ретте шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды бес жыл мерзімге шығарып жіберу түріндегі қосымша жаза алынып тасталды. Бапқа жекелеген саралау белгілерін көздейтін 1-1-бөлік енгізілді. Енді бір топ адамның немесе кіруге немесе шығуға тыйым салынғаны белгілі адамның шекарадан бірнеше рет өтуі үш мың АЕК-ке дейін айыппұл салуға не төрт жылға дейін бас бостандығынан айыруға әкеп соғады. Бұл жағдайларда жазаға Қазақстаннан тыс жерлерге міндетті түрде шығарып жіберу қосылады. Сондай-ақ баптың екінші бөлігі өзгертілді: енді жаза төрт жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыруды құрайды. Бұрын ең жоғарғы мерзім бес жылдан аспайтын. 394-бап («Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру») да елеулі өзгерістерге ұшырады. Бас бостандығынан айырудың ең төменгі мерзімі екі жылдан үш жылға дейін, ал айыппұл - екі мыңнан үш мың АЕК дейін ұлғайтылды. Жазаға шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды міндетті түрде шығарып жіберу қосылады.
Түзетулер екінші бөлік бойынша да жауапкершілікті күшейтті. Егер құқық бұзушылық бірнеше рет жасалса, онда жаза енді жеті мың АЕК-ке дейін айыппұл салу мүмкіндігімен үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыруды құрайды. Аса ауыр жағдайларда, әрекет ауыр зардаптарға әкеп соқса, қамау мерзімі он жылға дейін ұзартылды. Өзгерістердің күшіне енуімен 392 және 394-баптар бойынша құқық бұзушылықтар құрамының онша ауыр емес санаттан ауырлығы орташа санатқа өтуі маңызды детальдар болып табылады. Бұл ұсталған адамдар - тікелей тәртіп бұзушылар да, заңсыз көші-қонның ұйымдастырушылары да немесе көмектесушілері де тіпті қылмысқа дайындалғаны немесе оған оқталғаны үшін де жауапқа тартылатын болады дегенді білдіреді. Мұндай істерді тергеу кезінде қылмыстық қудалау органдары мынадай ерекшеліктерді ескеретін болады: адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен немесе бірнеше рет құқық бұзушылықтар жасауы. Шекарадан өтуге тыйым салынған адамдар анықталған жағдайда барлық ілеспе құжаттар мұқият зерделенетін болады. ҚР ҰҚК ШҚ Атырау облысы бойынша департаменті азаматтарға қырағы болу қажеттігін ескертеді. Мемлекеттік шекараны бұзу анықталған жағдайда онша ауыр емес санаттан ауырлығы орташа санатқа жатқызылады. Бұл ұсталған адамдар, тікелей тәртіп бұзушылар да, заңсыз көші-қонның ұйымдастырушылары да немесе көмектесушілері де тіпті қылмысқа дайындалғаны немесе оған оқталғаны үшін де жауапқа тартылатын болады дегенді білдіреді.