Карантиннен шыққаннан кейін жаңа көліктердің бағасы өсуі мүмкін

(0 Votes)

«Астана Моторс» компаниясының басқарма төрағасы Бекнұр Несіпбаев кеше онлайн форматында өткен жиында экономикалық дағдарыс жағдайында компания Қазақстанда шығарылған автомобильдердің дағдарысқа дейінгі бағаларын әлі де ұстап отырғанын айтты.

Бірақ бұл уақытша құбылыс екен. Карантиннен шыққаннан кейін жаңа көліктердің бағасы өсуі мүмкін.

«Импорттық көліктердің бағасы сөзсіз жоғарылайды, бірақ бағадағы өзгерістер кезең-кезеңмен жүреді. Қазір әлі де белгіленген бағамен автомобильдер қоры бар, бірақ ол бір жарым айға созылуы мүмкін. Бұл бағаның жақын арада 5-7% -дан аспауына мүмкіндік беріп отыр. Біз жаңа көліктердің бағасының 15-20%-дан асып кетпеуі үшін келіссөздер жүргізіп жатырмыз», дейді Б. Несіпбаев.

Ол қазақстандық автокөлік нарығы үшін 2020 жыл тұрақты басталғанын еске түсіріп өтті. Бұл алдағы уақытта бағаның жаңа дәлізі 20% -дан аспауына мүмкіндік береді. Бірақ соңғы үш айда сатылып төмендеп кеткен. Валюта бағамының күрт көтерілуі, коронавирустық пандемия және карантинге байланысты дилерлік қызметті тоқтата тұру 2015-2016 жылдардағы соңғы дағдарыстан толықтай қалпына келтіруге үлгермеген автокөлік бизнесіне айтарлықтай зиян келтірді. Спикер автокөліктерді онлайн тіркеуге жалпыға көшіру үшін уақытты, бағдарламаны және функционалды кеңейтуді тестілеу қажет екенін атап өтті. Ресми дилерлердің автомобильдерінің барлық сатылымдары онлайн-тіркеуден өтуі әбден мүмкін.

Б. Несіпбаев халықтың нақты ақшалай табысының төмендеуіне байланысты жаңа көліктерге сұраныстың азаятындығын атап өтті. Алайда карантиндік режім алынып тасталғаннан кейін қазақстандықтар автомобильдерді ескі бағамен сатып алуға асығады, бұл жаңа көліктердің нарығына кері әсер етуі әбден мүмкін. Сондай-ақ Б. Несіпбаев Атырау, Нұр-Сұлтан қалаларында жаңа автокөлік орталықтарын салу жоспарлары көп болғанын, бірақ қазір олар уақытша тоқтап тұрғанын айтты. «Тек Hyundai жеңіл автомобильдер шығаратын зауыттың құрылысы жалғасуда және жақын арада Нұр-Сұлтан мен Алматыда мамандандырылған хабтардың құрылысы басталады», деп түйіндеді ол.

Сонымен бірге «ҚазАвтоПром» одағының стратегиялық жоспарлау жөніндегі директоры Артур Мискарян нарықтағы ең танымал модельдердің көпшілігінің бағасы өзгеріссіз қалатынын айтты. «Мұны өндірісті локализациялау нәтижелеріне жатқызуға болады. Бұл тауар нарығы мен ұлттық валютаның бағамы қаншалықты тұрақты болатынына байланысты», - деді ол.

Мискарян қазіргі уақытта автокөлік нарығы төтенше жағдай мен карантин жариялаған шектеулердің ықпалында екенін айтты. Көптеген өңірлерде автоорталықтардың жұмысы тоқтатылады немесе қатаң санитарлық талаптарға сәйкес және қысқартылған режімге ауысады. Мискарян автокөліктерді онлайн сатып алуға да назар аударды. Оның айтуынша, болашақта интернет-сатылымның рөлі күшейеді. «Біз бұл сегмент бірден дамып кетеді деп ойламаймыз. Себебі сатып алушы автосалонға барып, кімдерден мәмілеге келіп жатқанын көзбен көрмейінше көңілдері толмайтынын білеміз. Бірақ бізде онлайн сауданы тіпті қазір жүргізуге мүмкіндік бар. Бұл сатып алушылар үшін де тиімді болады. Себебі барлық мәселе мәміледегі шарттарға байланысты. Ондағы баптармен клиенттердің келіспеуге немесе қайта жаздыруға құқы бар», деп атап өтті Мискарян.

Сонымен бірге Мискарянның айтуынша, қазіргі жағдай халықтың табысына байланысты. Сондықтан сұраныс халықтың табыс деңгейіне қарап дамиды. «Сәуір айында вагондардың қорлары өсті, сондықтан мамырда өндірістің бәсеңдеуі мүмкін. Бүгінгі таңда негізгі салалық кәсіпорындар барлық міндеттемелерге толықтай қызмет етеді». Естеріңізге сала кетейік, сәуірде Қазақстанда автомобильдерді тіркеу 40 есеге азайды.

 

egemen.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521