Қазақстан Үкіметі жұмыссыз жастарды қолдайтын қаулы қабылдады

(0 Votes)

Қазақстан Үкіметі кәсіптік білімі жоқ және жұмыссыз жастарды қолдайтын қаулы қабылдады, деп хабарлайды Arbat.media үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жұмысқа орналастыру бойынша белсенді көмек көрсетіліп, өзге де қолдау шаралары қолға алынады. Құжат «білімі жоқ және жұмыссыз» жастармен (NEET санаты) нақты жұмыс жүргізетін бірқатар орталық мемлекеттік органның құзыретін айқындайды. Осылайша, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне уақытша жұмыссыз қалған жастардың жұмысқа орналасуына көмектесу, сондай-ақ жастарды жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыстың орындалуын бақылау жүктелді, – делінген хабарламада.

Бүгінде республикада NEET санатындағы жастардың үлесі – 6,3%. Бұл – Ресей, Ұлыбритания, АҚШ, Италия және басқа да елдердегі жағдаймен салыстырғанда төмен көрсеткіш.

Сонымен қатар, Қаулыда жастармен жұмыс істейтін мамандардың біліктілік сипаттамасын, жастар еңбек жасақтарын құру ережелерін және жастарды дамыту индексін енгізу қағидаларын бекітуге мүмкіндіктер жасалған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика