Қазақстан халқы туралы жаңа деректер жарияланды

Сурет: Zakon.kz
(0 Votes)

2023 жылдың қаңтар-маусым айларындағы елдегі демографиялық жағдай туралы нақтыланған ақпаратты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша халық саны 19 899 377 адамды құрады, оның ішінде 12 317 671 адам қала тұрғындары, 7 581 706 адам ауыл тұрғындары, 48,8 пайызы ерлер, 51,2 пайызы әйелдер", - делінген Ұлттық статистикалық бюросының хабарламасында.

Бірінші жартыжылдықта Қазақстанда 189,5 мың бала дүниеге келсе, оның 98 мыңы ұл, 91,5 мыңы қыз бала. Туу коэффициенті 1000 адамға шаққанда 19,2 туылды. Ең жоғары туу көрсеткіші Маңғыстау (1000 тұрғынға шаққанда 25,97 адам), Түркістан (25,46) облыстарында және Шымкент қаласында (24,7) тіркелді.

Көрсетілген кезеңде қайтыс болғандар саны 63,6 мың адамды құрады, ал 1000 адамға шаққандағы өлім көрсеткіші 6,44-ті құрады. Осылайша, жарты жылда халықтың табиғи өсімі 125,9 мың адамды құрады.

Өлім-жітімнің ең жоғары көрсеткіші Шығыс Қазақстанда (1000 тұрғынға 11,07), Солтүстік Қазақстан (11,06) және Қостанай облыстарында (10,04) байқалды, бұл осы өңірлер халқының жас құрылымымен байланысты.

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, бір жасқа толмаған алты айда 1454 сәби шетінеп, 1000 туылғанға шаққандағы нәресте өлімінің көрсеткіші 7,67 құрады.

Көрсетілген мерзімде 53,8 мың неке тіркелді. Неке көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 5,46 құрады. Сондай-ақ осы кезеңде 8,1 мың некені бұзу тіркелді (АХАЖ деректері бойынша, некені бұзу туралы сот шешімдерін есепке алмағанда). Ажырасу көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 0,83 құрады.

Ел ішінде көшіп-қонушылардың саны 5,8%-ға өсті. Өңіраралық қозғалыстар бойынша республиканың үш облысында: Астанада (16 044 адам), Алматыда (15 611 адам) және Шымкентте (1 049 адам) халық көші-қонының оң сальдосы қалыптасты.

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2023 жылдың қаңтар-маусым айларында елімізге 13 652 адам келсе, 6 996 адам шетелге кеткен. Көші-қон сальдосы 6656 адамды құрады.

2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда Қазақстанға келгендер саны 87,3%-ға өсті, Қазақстаннан кеткендер саны 56,7%-ға азайды. Еліміздің негізгі көші-қон алмасуы ТМД елдерімен жүзеге асады. ТМД елдерінен келгендердің үлесі – 89,1%, осы елдерге кеткендердің үлесі – 75,4%. Қазақстан халқының саны 2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 19 832 737 адамды құрады, оның 12 259 453-і қала тұрғындары, 7 573 284-і ауыл тұрғындары.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT