Қазақстан келесі жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарына ресми түрде шақырту алды

(0 Votes)

Әлемдегі 206 Ұлттық Олимпиада комитетінің 203-і ХОК-тан шақырту алды, деп хабарлайды AtyrauPress Inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Халықаралық Олимпиада комитеті ҚР Ұлттық Олимпиада комитетіне Париж-2024 ХХХІІІ Олимпиада ойындарына қатысуға ресми шақыру жіберді. Алайда ресми шақырту Ресей мен Беларусьтің, сондай-ақ Гватемаланың Олимпиада комитеттеріне жіберілмеді. Айта кетейік, 26 шілдеде атаулы спорт шарасының құрметіне Парижде ХОК президенті Томас Бах пен Париж-2024 жазғы Олимпиада және Паралимпиада ойындарын ұйымдастыру комитетінің президенті Тони Эстангуэнің қатысуымен салтанатты шара өтті. 2024 жылғы жазғы Олимпиада ойындары Франция астанасы Парижде 2024 жылдың 26 ​​тамызы мен 11 қыркүйегі аралығында өтеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521