Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілеріне Өңірлік кадрлық резервіне іріктеу және мемлекеттік қызмет саласындағы жаңашылдықтар бойынша ақпараттық-түсіндірме бағытындағы кездесу өткізілді.
Іс-шара барысында Департамент басшысы Ерлан Ермаханбетовпен өңірлік кадрлық резерві жобасына іріктеудің талаптары мен тәртібі түсіндірілді.
Осы орайда, Өңірлік кадрлық резервтің басты мақсатты- өңірдегі талантты жастар арасынан жаңашыл ойлайтын көшбасшылар, жас басқарушылардың тобына қалыптастыру екенін баяндап, жиынға қатысқан барша жастарды іріктеуге белсене қатысуға шақырды.
Атап өту қажет, іріктеуге:
35 жастан аспаған;
жоғары білімді;
3 жылдан кем емес еңбек өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
Кандидаттардың құжаттарын қабылдау 1-31 наурыз аралығында onir.pkrezerv.gov.kz. сайтында жүзеге асырылады.