«Fake news. Fact-checking. Information manipulation» семинар-тренинг

(0 Votes)

«Түркітілдес журналистер қоры» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Алмты, Шымкент, Қостанай қалаларында «Fake news. Fact-checking. Information manipulation» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.

Аталған жобаға Қазақстандағы Америка Құрама Штаттары дипломатиялық миссиясы қолдау білдірді. 2022 жылдың 8-9 сәуірі мен 11-12 сәуірінде Алматы, Шымкентте ұйымдастырылған семинар-тренингке Британиядан «Avrupa» медиа холдингінің қожайыны, журналист Ватан Өз бен ВВС телеарнасының Нидерландтағы меншікті тілшісі Юсуф Өзкан шақырылды.

img-20220515-wa0017

Шараға Алматы қаласымен бірге Қазақстанның барлық облыс, аудан, аймақтарындағы телеарна, газет, сайт, радиоарналарда жұмыс істейтін 80 журналист қатысты. Жобаның басты мақсаты – журналистердің ақпарат алу және таратудағы кәсіби білігін арттыру, фактчек жасау тәсілдерін меңгерту, деректерді тексеру, жалған ақпаратпен күресуге үндеу. «Бұл жоба негізінен 2021 жылдың 25-ші қарашасында басталды, ZOOM платформасы арқылы төрт айға созылған онлайн курс 2022 жылдың ақпанында аяқталды.

Семинардың басты мақсаты – жалған ақпараттармен күрес, БАҚ пен әлеуметтік желілердегі ақпараттық манипуляцияны анықтау, деректерді тексеру, фактчек жасау. Оған қоса ақпараттық монипуляциядан аулақ болу жайлы үйренеді»,-деді «Түркітілдес журналистер қоры» қоғамдық қорының президенті Назия Жоямергенқызы. Алматыдағы семинар-тренингтің ашылу салтанатына Қазақстандағы Америка Құрама Штаттарының Бас консулы Кэролайн Сэвидж қатысып, журналистермен кездесу кезінде жалған ақпаратпен күрестің маңызына тоқталды.

«Журналист кез келген ақпаратты жариялағанда адамдарды адастырмау үшін жауапкершілікті сезінгені жөн. Одан бөлек әлемдегі тың ақпаратты тарата біл журналистердің артықшылығы деп білемін. Пандемия басталғалы коронавирус пен вакцинаға қатысты дезинформация мен конспериалогиялық ақпараттардың қалай тез тарағанын барлығымыз көрдік. Өкінішке қарай ол вирусқа қарағанда тез тарады. Оған қоса Ресейдің Украинаға басып кіруі мен климаттың өзгеруі және өзге де мәселелерді мысалға келтіруге болады. Сол себептен сіздердің жұмыстарыңызда мұқияттылық пен біліктіліктің жоғары болғаны маңызды»,-деді Бас консул.

img-20220515-wa0012

img-20220515-wa0013

Алматыдағы салтанатты кеште «Avrupa» медиахолдингінің жетекшісі Ватан Өз Түркітілдес журналистер қорының президенті Назия Жоямергенқызын Еуропадағы түркі журналистер ассоциациясының атынан «PRESS AWARDS-2022» сыйлығымен марапаттады.

img-20220515-wa0011

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Референдум

referendum-banner-1

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика