Атырауда дәрігерлер уланған баланы құтқарып қалды

(0 Votes)

Атыраулық облыстық балалар ауруханасы энергетикалық кәмпиттен уланған он жасар баланы құтқарып қалды, деп хабарлайды Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасы.

19 желтоқсан күні кешкі сағат 19:30 шамасында балалар ауруханасының қабылдау бөліміне ес-түссіз, ауыр хәлде 2009 жылғы ер бала жеткізілді. Баланы жедел жансақтау бөліміне жіберіп, асқазанын тазалаған.

"Бала бір сағат шамасында есін жиып, жан-жағын тани бастады. Келесі күні науқас педиатрия бөліміне ауыстырылды. Баланың айтуынша, сабақтан шыққан соң 7-8 энергетикалық кәмпитті сатып алып, бірден жеп қойған. Содан кейін өл өзін жайсыз сезінген. Әрі қарай не болғанын айта алмады. Қазіргі баланың жағдайы жақсы, үйіне жіберілді" - деді басқарма.

Дереккөз: tengrinews.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика