Елена Рыбакина Канададағы "Мастерс" категориясында ширек финалға шықты

(0 Votes)

 Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Монреалда (Канада) өтіп жатқан теннистен WTA 1000 Canadian Open турнирінің 1/8 финалында жеңіске жетіп, келесі айналымға өтті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды

Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы 1/8 финалында жарыстың екінші айналымында америкалық Слоан Стивенске қарсы ойнады. Мұнда айта кететін жайт Слоан Стивенс Виктория Азаренкамен кездескенде одан басым түсті. Беларусь спортшысы жарақатына байланысты турнирден бас тартты.

Қазақстандық теннисші Слоанды шаң қаптырды – ол екі сетті де 6:3 есебімен жеңіп, ақыры ширек финалға шықты. Бұл ретте әлеуметтік желіде қазақстандық жеңімпаздың жанкүйерлеріне қолтаңба беріп жатқанының видеолары пайда болды. Айта кетейік, Қазақстанның бірінші ракеткасы үшін Канададағы "Мастерс" турнирі Уимблдон 2023-тен кейінгі алғашқы турнир болды. Рыбакина тунирді екінші айналымнан бастап, америкалық Дженнифер Брэдиге қарсы өткен ауыр ойында жеңіске қол жеткізді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT