Электронды түрде көрсетілген қызметтер саны 14%-ға артқан

(0 Votes)

2022 жылы Атырау облысындағы электронды көрсетілетін қызметтер саны 5,3 млн. болды, бұл көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда 14%-ға артқан.

Осы және басқа да ақпараттарды Департамент басшысы Ерлан Ермаханбетов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткізілген брифинг барысында баяндады.

Атап өту қажет, жалпы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 13%-ға өскен, яғни 2021 жылы 5 млн. мемлекеттік қызметтер көрсетілген болса, өткен жылы 5,4 млн. мемлекеттік қызметтер көрсетілді.

Бұл ретте, өңірдегі көрсетілген мемлекеттік қызметтердің 91%-нан астамы электронды түрде көрсетілген. Жергілікті атқарушы органдар мен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері арасында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің тәртібін түсіндіру мақсатында ақпараттандыру-түсіндіру іс-шаралары 47%-ға артты. (2021 ж. – 467, 2022 ж. – 889).

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөнінде ведомствоаралық жұмыс тобының 4 отырысы өткізіліп, нәтижесінде мемлекеттік қызмет сапасын арттыру бойынша 81 ұсыным енгізілді.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 26 қоғамдық кеңес отырысы өткізілді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика