ЭЛЕКТР ҚАУІПСІЗДІГІ – ЖАУАПКЕРШІЛІК

(0 Votes)

Өңірімізде ел игілігі үшін адал еңбек етіп жүрген кәсіби мамандардың еңбегін дәріптеу мақсатында «Еңбек адамы» айдары өз жалғасын табуда. Бүгінгі айдар кейіпкері – «Атырау-Жарық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жедел айырып-қосушысы Кенжеғалиев Мейрамбек Төлегенұлы.

Мейрамбек Төлегенұлы – электр энергетикасы саласында табанды еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі, өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын білікті маман. Ол электр желілерінің үздіксіз әрі тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету жолында күнделікті қауіпті әрі жауапты міндеттерді абыроймен атқарып келеді.

Жедел айырып-қосушы ретінде ол апаттық жағдайлардың алдын алу, электр қуатын дер кезінде қосу және ажырату жұмыстарын қауіпсіздік талаптарына сай орындап, тұтынушыларды үздіксіз электр энергиясымен қамтуға үлес қосуда.

Әріптестері арасында сыйлы, жас мамандарға үлгі бола білетін Мейрамбек Төлегенұлы еңбек тәртібін қатаң сақтайды, өзіне жүктелген міндетті тиянақтылықпен орындайды. Оның адал еңбегі мен жауапкершілігі мекеме жұмысының сапалы жүруіне тікелей ықпал етуде.

 

Индер ауданы әкімінің баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT