Мұны Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты жасаған әлеуметтік сауалнама нәтижесі көрсетті. Сұрақ-жауаптың іріктемелі жиынтық көлемі 1200 респондентті құрады. Оған Қазақстанның 17 облысы мен республикалық маңызы бар Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы 18 жастан асқан азаматтар қатысты, — деп хабарлайды 24.kz сайты.
Зерттеулерге сәйкес, тұрғындардың 53 пайызы АЭС құрылысын қолдаса, 32 пайызы ықтимал апаттар мен экологияға алаңдайды екен. Ал респонденттердің 14 проценті өз таңдауын әлі жасаған жоқ. Сондай-ақ референдум болса, қазақстандықтардың 42 пайызы «оған қатысамын» деген жауапты таңдаған. 16 пайызы – қатысу мүмкіндігіне ие. Біршамасы референдумға қатыспауды жоспарлаған.
Респонденттердің 6 пайызы «жауап беруге қиналамын» деген нұсқаны таңдапты. Ал шамамен 9 проценті «қатыспаймын» деген.
Қазақстан картасы 1200 респондент – 18 жастан асқан;
53,1% респондент – АЭС салу идеясын қолдайды;
32,5% респондент – ықтимал апаттар мен экологияға алаңдайды;
14,4% респондент – таңдауын жасаған жоқ;
42,6% респондент – АЭС салу мәселесі бойынша референдумға қатысады;
16,4% респондент – референдумға қатысу мүмкіндігіне ие;
25,3% респондент – референдумға қатыспауды жоспарлайды;
8,9% респондент — қатыспайды 6,8% респондент – жауап беруге қиналады.
Сурет: zanmedia.kz