Атырау облысы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы және Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының «Атырау облысының Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен 5 ақпан күні «TOMIRIS» көшбасшы қыздар жобасы аясында «Әділет пен жауапкершілік жолындағы көшбасшы әйелдер» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесудің мақсаты – мемлекеттік қызметте және құқық қорғау органдарында қызмет ететін көшбасшылық рөлін насихаттау, жастарға шабыт беру, жауапкершілік пен әділдік қағидаттарын нығайту және саналы көшбасшылыққа бағыт беру.
Кездесуге арнайы шақырылған спикерлер қатарында:
• Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегімамандандырылған ауданаралық сотыныңтөрағасы Зарема Каримқызы Хамидуллина;
• Атырау облысы полиция департаментініңОтбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімініңбастығы, полиция подполковнигі Райса Зинелғабиденқызы Айтжанова;
• Атырау облысы полиция департаментініңАқпараттық саясат бөлімінің бастығы, полиция лейтенанты Мейірім Ердәулетқызы;
• Атырау облысы Әділет департаментінің басшысы Гүланда Урынбасарқызы болды.
Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарғанақты жауап алып, мемлекеттік қызмет пен құқыққорғау органдарында жұмыс істеудің қыр-сырыменжақын танысты.
Спикерлер жеке тәжірибелеріненмысал келтіріп, жастарға адал еңбек ету, әділдіктібасты қағида ретінде ұстану және үздіксіз білімалудың маңыздылығын атап өтті. Кездесу қорытындысында аталған іс-шараныңжастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, мемлекеттік қызметке деген қызығушылығынкүшейтуге және қоғам алдындағы жауапкершіліксезімін қалыптастыруға оң ықпал ететіні атап өтілді. Қатысушылар шарадан алған әсерлерімен бөлісіп, алдағы уақытта осындай мазмұнды кездесулердіжалғастырудың маңыздылығын жеткізді.


