Өңдеу өнеркәсібінің дамуына жаңа серпін беретін уақыт келді

(0 Votes)

Президенттің «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты жолдауында өңдеу өнеркәсібінің дамуына жаңа серпін беретін уақыт келгені айрықша атап өтілді. Ел экономикасының тұрақты дамуы үшін шикізат экспортына ғана сүйену жеткіліксіз екені, енді терең өңделген, жоғары қосымша құнды өнім өндіруге басымдық беру қажеттігі баса көрсетілді.

Өңдеу өнеркәсібі – ішкі нарықтың бәсекеге қабілеттілігін арттыратын, жаңа жұмыс орындарын ашатын, технологиялық жаңғыртуды тездететін маңызды сала. Соңғы жылдары ірі кәсіпорындар ашылып, жаңа өндіріс орындары іске қосылғанымен, бұл әлі де жеткіліксіз. Сондықтан салада жүйелі реформа жүргізу, озық технологияларды енгізу және өндірістік қуаттарды арттыру міндеті алға қойылды.

Президент тау-кен металлургиясын, машина жасауды, газ-химияны және энергия тиімділігін арттыруды өңдеу өнеркәсібінің маңызды бағыттары ретінде атап өтті. Инвестиция тартып, ғаламдық өндіріс тізбегінде өз орнымызды нығайту үшін Қазақстан жаңа тәсілдер қабылдауы тиіс.

Жалпы, бұл бағыттағы мақсат – экономика құрылымын өзгертіп, елдің индустриялық әлеуетін күшейту. Өңдеу өнеркәсібінің жаңа деңгейге шығуы Қазақстанның ұзақ мерзімді дамуының негізгі қозғаушы күшіне айналатыны атап өтілді.

Теңел Исмагулов,
Ганюшкин стансасының басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT