Әдеп жөніндегі уәкілдердің рейтингісі қалыптастырылады

(0 Votes)

Бұл туралы Департамент басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі А.Д.Наурызбаев 2022 жылғы 11 ақпанда Әдеп жөніндегі уәкілдермен өткен онлайн кездесуде атап өтті.

Әдеп жөніндегі уәкіл Әдеп кодексі бұзушылықтарының профилактикасын жүзеге асыратын, өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консультация беретін тұлға болып табылады.

Осы орайда, 2022 жылдан бастап мемлекеттік органдардағы Әдеп жөніндегі уәкілдердің есептері зерделеніп қана қоймай, тоқсан сайын қызметтік әдептің сақталуын мониторингтеуді және бақылауды жүзеге асыру бойынша атқарылған қызметтерінің қорытындылары арнайы жасақталған критерийге сәйкес бағаланатын болады.

Аталған шаралар Әдеп жөніндегі уәкілдердің мемлекеттік қызметшілердің әдептілік деңгейін күшейтуге, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға ықпал етіп, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама бұзушықтарының алдын-алуға бағытталған қызметтерін одан әрі жетілдіру мақсатында қабылдануда.

Жиында Департаментпен анықталған мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама және әдеп нормаларының бұзушылықтарына жүргізілген талдау қорытындысы баяндалды және Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2021 жылғы есептері тыңдалып, тиісті ұсыныстар берілді.

Осыған сәйкес, Департаментпен 2022 жылы мемлекеттік органдарға заңнама аясында түсіндірме жүргізу бағытында жасақталған іс-шаралар жоспары бойынша шаралар атқарылатын болады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521