Болашақта кей мамандықтардың 45 пайызы жойылады

(0 Votes)

Бұл туралы Атырауда өткен «Болашақ SDG» клубының алғашқы отырысында "Болашақ" бағдарламасының түлегі Арын Орсариев айтты" деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

«Ғылым қоры» АҚ басқарма төрағасы Арын Орсариевтің айтуынша, еңбек нарығының әрдайым өзгеріске ұшырап отыруы заңдылық.

" Дубайда кейбір қызмет түрлері адамдардың қатысуынсыз-ақ жүзеге асады. Айталық, жүргізушісіз такси Дубай сынды дамыған ел үшін қалыпты жағдай. Ғалымдардың пайымдауынша, алдағы уақытта кейбір мамандықтардың 45%-ы жойылады. Сондықтан да біз кез келген жағдайға әзір болуымыз керек. Мәселен, Нұр-Сұлтан қаласында  Astana Hub жанынан ашылған «Alem»  мектебі бар. Онда балалар мұғалімсіз-ақ білім алуда. Яғни, олар өздері ізденеді. Оқушы өз білімімен белгілі бір жоғары деңгейге жетуі тиіс. Бұл болашақтың бағыты" деп атап өтті спикер Арын Орсариев.

Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің ректоры Салауат Идрисов табиғат ресурстарын тиімді пайдалану бағытындағы ойымен бөлісті.

" Табиғатты дұрыс пайдаланбаудың салдарынан  Атыраудың өзінде қаншама мәселе туындауда. Мысалы, Жайық өзені жыл өткен сайын тартылып барады. Мамандар дабыл қағып, оны шешудің жолдарын қарастырып жатыр. Атырау мұнай өңдеу зауытынан шыққан зиянды қалдықтар ауаны ластап, адам денсаулығына кері әсерін тигізуде. Ғалымдар осындай мәселелерді шешудің жолдарын қарастырғандары жөн, - деді спикер Саламат Идрисов.

Еліміз мұнайдың 56%-ын экспортқа шығарып отыр. "Осы ретте Атырау облысының қосып отырған үлесі зор" дейді  "Bolashak Petroleum Club" клубының төрағасы Жәнібек Катренов.

" Көптеген мұнай кен орындарында шикізат қоры таусылып келеді. Бұл  өзекті мәселе болып отыр. Осы ретте, геологиялық барлау ісіне назар аударуды ұсынамын.

Шикізат қорынан хабардар болумыз  үшін жаңа технологияларды енгізіп, ғылымды дамытып және бәсекеге қабілетті мамандар дайындауға назар аударғанымыз жөн. Әсіресе, студенттерге ғылыммен айналысуға мүмкіндік беруіміз керек. Мұнай - кен орындарында қанша шикізат қоры барын дұрыс анықтап, есептеуге міндеттіміз. Өйткені, кейбір кен орындарында есеп өз деңгейінде  жүргізілмейді, - деді спикер Жәнібек Катренов.

Атап өтерлігі, клубта  табиғат ресурстарын тиімді пайдалану мақсатындағы өзекті  мәселелер талқыға салынатын болады. Нақты ұсыныстар еліміздің Энергетика министрлігіне жолданады.

«Болашақ SDG» клубы  Қазақстандағы ғана емес,  әлемде орын алып жатқан өзекті мәселелерді де көтеретін болады.

Осылайша,  университет тамаша пікір алаңы болмақ", деді С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің ректоры Гүлзада Шакуликова.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521