Бизнесті қорғау бойынша

(0 Votes)

Аудан прокуратурасы қадағалау аумағындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың қызметтерінде кәсіпкерлерлік субъектілерінің құқықтарының сақталуына талдау жүргізді.

Талдаумен аудандық полиция бөлімі қызметкерлері тарапынан карантиндік шектеу шараларын бұзушылықтар бойынша хабарламаларды арнайы құрылған мониторингтік топқа жолдамай және «InfoKazakhstan» электронды платформасында мүлдем тіркемей, осы бағытты реттейтін алгоритм мен нұсқау талаптарын өрескел бұзып, уәкілетті емес тұлғалар кәсіпкерлік субъектілеріне барып заңсыз тексеру жүргізу арқылы кәсіпкерлердің заңды қызметтеріне негізсіз араласу түріндегі заң бұзушылықтар анықталды.

Осылайша заңсыз тексеру нәтижесінде аудандағы 8 кәсіпкерлерлік субъектісінің құқықтары бұзылған.

Анықталған өрескел заң бұзушылықтар бойынша прокурормен ұсыну енгізіліп, қаралу нәтижесімен полиция бөлімінің лауазымды тұлғалары тәртіптік жауапкершілікке тартылып, бұдан әрі кәсіпкерлердің құқықтарының бұзылуына тоқтам салынды.

 

    Құрманғазы ауданының прокуратурасы

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика