Білім министрлігі: Балабақшадағы тәрбиешілердің 27% тиісті мамандығы жоқ

(0 Votes)

Балабақшаларда әлеуметтік тәрбиешілер болады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Каринова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде мектепке дейінгі мекемелердегі тәрбиешелердің 27 пайызының тиісті мамандықтықтары жоқ. 51 пайызы ғана бүгінге дейін біліктілік санаттарын өзгертті. Сонымен бірге балабақша деңгейіндегі бір топқа бекітілген тәрбиешілердің жеткіліксіздігін, яғни олардың жұмысында ауыртпалық бар екендігін көріп отырмыз. Осы мәселелерді шешу үшін 2022 жылдан бастап былтыр бекітілген модельді іске асыру басталады. Оның ішінде бағдарламаларды қайта қарастыру, мектепке дейінгі мекемелердің ішіндегі тәртіпті, талаптарды біріздендіру қолға алынады», - деді ол министрліктің кеңейтілген алқа отырысында.

Бірінші вице-министрдің атап өтуінше, мектепке дейінгі мекемелерде мемлекеттік тапсырыс орналастыру тетігі де өзгертіледі. Ең бастысы балалардың нақты балабақшаға баруы есепке алынады.

«Сонымен қатар бір топта бір мезетте 2 тәрбиешінің жұмыс істеуі бойынша ілкі жоба қолға алынады. Әлеуметтік тәрбиешілер де ілкі жоба ретінде енгізілетін болады», - деді Шолпан Каринова.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT