«Бекіре-2022» іс-шарасы аясында 247 құқық бұзушылық анықталды

(0 Votes)

9 маусым күні Атырау облысы Полиция департаментінің ресми әлеуметтік желі парақшасында “Бекіре-2022” іс-шарасын қорытындылау мақсатында брифинг өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Спикер ретінде балық қорына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы күрес бөлімі бастығының міндетін атқарушы Нұрлыбек Утениязов қатысты. Атап өтетін жәйт, “Бекіре-2022” іс-шарасы ҚР Ішкі істер министрлігінің нұсқауы бойынша ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлескен бұйрығына 1 сәуір мен 31 мамыр аралығында өткізілді.

Брифинг барысында Нұрлыбек Утениязов іс-шараның жай-күйін хабардар етіп, баяндама жасады. Айтуынша, Жайық-Каспий бассейні аумағында балық пен балық өнімдерінің заңсыз айналымын анықтау, алдын алу және жолын кесу мақсатында кең ауқымды

“Бекіре-2022” жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде бекітілген күш-құралдардың орналастыру жоспарына сәйкес, іс-шараға барлығы 231 қызметкер (оның ішінде 86 автокөлік және 6 су көлігі) қатысты.

– Жұмылдырылған күштер мен құралдарды ескере отырып, балық өнімдерін заңсыз тасымалдауды анықтау мақсатында республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарда, сондай-ақ Каспий теңізі, Жайық, Қиғаш өзендері жағалауында және облыстың айналма жолдарындағы автокөлік қозғалысын бақылау бойынша 39 мобильдік топ құрылды, – дейді ол.

Сондай-ақ, Жайық өзені жағалауында заңсыз балық аулаудың жолын кесу мақсатында қалалық басқарманың Жедел басқару орталығында орналасқан 19 бейнебақылау камераларымен бақылау жүргізілгендігін де тілге тиек етті.

Айта кету керек, іс-шара кезінде 247 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 225 заңсыз балық аулау және балық аулау ережелерін бұзу, 6 балық және балық өнімдерін заңсыз сатып алу, 16 балық пен балық өнімдерін заңсыз тасымалдау және әкету болды. Құқық бұзушылардан 1 893 келі балық, оның ішінде 525 келі бекіре тұқымдас балық, 218 әртүрлі балық аулау және екі су көлік құралы тәркіленді. Ішкі істер органдарымен 3 540 795 теңге көлемінде айыппұл салынып, бүгінгі таңда оның 2 343 195 теңгесі өндірілді.

Соңғы жаңалықтар

Республика күні

25qazan-respublika

Фотогалерея

Сауалнама

Вакцинаға көзқарасыңыз қандай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика