Бекболат Тілеуханның депутаттық өкілеттігі тоқтатылды

(0 Votes)

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Бекболат Тілеуханның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұловтың айтуынша, Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан міндеттерін атқарудан өз еркімен босату туралы өтініш берген.

«Осыған орай ҚР Орталық сайлау комиссиясы сіздердің назарларыңызға заңнамаға сәйкес, Парламент Мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеуханның өтініш беруіне байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешу үшін ұсыным енгізіп отыр», - деді А. Смағұлов.

Палата депутаттары бұл ұсынымға қолдау білдірді. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Б. Тілеуханның жаңа қызметіндегі жұмысына табыс тіледі.

«Бекболат Қанайұлын баршаңыз жақсы білесіздер, елімізде танымал тұлға. Бекболат Тілеуханды білмейтін қазақ жоқ десек артық болмайды. Ол саясатта болсын, өнер саласында болсын, қоғамдық жұмыстарда болсын үлкен үлес қосып келе жатқан абыройлы азаматтарымыздың бірі. Бірінеше шақырылым Мәжіліс депутаты болды, халыққа қажетті заңдар қабылдауға ықпал етті. Әсіресе, еліміздің әлеуметтік-мәдени жолында Бекболат Қанайұлының рөлі өте зор. Енді Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясының бірінші вице-президенті болып тағайындалды, сондықтан әріптесімізге бірлескен жұмысы үшін алғыс білдіре отырып, алдағы уақытта да зор денсаулық, жаңа қызметте табыс тілейміз», - деді Н. Нығматулин. Жалпы отырыста Бекболат Қанайұлына Мәжіліс атынан «Алғыс хат» табысталды.

 

Inform.kz

Соңғы жаңалықтар

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Фотогалерея

Референдум

referendum-banner-1

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика