Шөмішбай Сариев жөнінде Мақпал Жүнісова сыр бөлісті…(+ВИДЕО)

(1 Vote)

Ақын Шөмішбай Сариев 75 жасқа қараған шағында дүниеден озды, деп хабарлайды Atr.kz тілшісі.

Қазақ әдебиетіне жаңа леппен келген жас ақын, өсе келе қазақ даласына кеңінен жайылған әндердің мәтінін жазды.

Осыған орай, «Atr.kz» тілшісі сонау «Тамаша» ойын-сауық кешінде «Ғашықтар жырын» Сембек Жұмағалиевпен бірге алғаш орындаған Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісовамен телефон арқылы тілдесіп көрді…

«Көп әндерін орындадым. Домбырамен «Ойлан, балам» деген әнін айттым. «Аққу сенімін» шырқадым. Соңғы рет шамамен бір ай бұрын бірге бір отырыста болдық. Оның көптеген әндерін біраз әншілер орындады. Әсіресе, лирикалық әндері халықтың жүрегінен ойып орын алды. Сазгер Питерцевпен бірге әсем әндер жазды. Қазір ғана сол кісіге хабарласқанымда, ағамыздың бауыр ауруынан көз жұмғанын айтты. Кеше әлеуметтік желіге «Әсеттің әсем әндері-ай…» деген әнін жүктеген едім. Соның сөзін жазған – осы Шөмішбай ағамыз. Қайран өмір-ай… Небір асылдар арамыздан кетіп жатыр. Иманы саламат болғай» деді ол бізбен әңгімесінде.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика