«Батыс» өңірлік қолбасшылығының граната атқыштары шеберліктерін шыңдауда

Рейтинг: 0 / 5

«Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдердің граната атқыш есептоптары күндізгі және түнгі уақытта РПГ-7 қаруынан оқ атуда.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінде мамандық бойынша жеке құрамды үйрету мен оқытудың нәтижелерін қортындылауда. Сынақтарды алғашқылардың бірі болып барлау және мотоатқыштар бөлімшелерінің, сондай-ақ теңіз жаяу бөлімдерінің граната атқыш есептоптары тапсырды.

img-20210707-wa0007

- Мамандық бойынша дайындық бір айға созылды. Осы уақыт ішінде біз РПГ-7 граната атқыштарын қалай қолдануды, көздеуді, оны күтуді және атуды үйрендік. Сынақ қабылдау барысында бізге 300 метр қашықтықтағы нысанаға дәл тигізу үшін екі штаттық оқ берілді. Мен тапсырманы бірінші мүмкіндіктен орындай алдым, - деді қатардағы жауынгер Максим Пугасеев. Сарбаздар үшін ең қызықтысы түнгі атыстар болды. Граната атқыштар түнгі көру құрылғыларын және көру оптикалық шкаласын жарықтандыру тәсілдерін қолданып, атыстар жүргізді. Нұсқаушылардың қатаң басшылығының арқасында жеке құрам тапсырманы сәтті орындай алды.

ҚР ҚМ Атырау гарнизоны бойынша баспасөз қызметі капитан Рустем Игисинов Байланыс: +7-777-641-11-72

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика