Батыс аймағы әскери прокуратурасының тарихы мен жұмыс күндері

(0 Votes)

Батыс аймағының әскери прокуратурасы Атырау аумағында заңдылықтың сақталуын заңда белгіленген шекте және нысандарда жоғары қадағалауды жүзеге асырады, сотта мемлекеттің мүддесін білдіреді және мемлекет атынан қылмыстық қудалауды жүзеге асырып келеді.

Еліміздің Батыс шептерінде болып жатқан белгілі геосаяси процестерге байланысты Атырау облысының аумағында Қарулы Күштердің бөлімшелері, ҰҚК Шекара қызметі және басқа да әскери құралымдар қайта құрылып, нығайтылды. Осының негізінде, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 25.01.2002 жылғы No6/6 бұйрығымен және Қазақстан Республикасы Бас әскери прокурорының 30.01.2002 жылғы No4-к Бұйрығымен Ішкі әскерлердің әскери прокуратурасын тарату есебінен Атырау гарнизонының әскери прокуратурасы құрылды.

Бұған дейін Атырау облысының аумағында орналасқан әскери құрамалар мен бөлімдерге Батыс әскери округінің (Ақтөбе қаласы) әскери прокуратурасы қызмет көрсеткен, ол өзінің Атырау қаласынан алыстығына байланысты әскерлердегі заңдылық пен құқықтық тәртіптің жай-күйіне тиісті қадағалауды, сондай-ақ әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің бұзылған құқықтарын уақтылы қорғауды және қалпына келтіруді қамтамасыз ете алмады.

Айта кету керек, жаңадан құрылған әскери прокуратураның қалыптасу процесі бұрынғы Бас әскери прокурор әділет генерал-лейтенанты А.А. Төлеухановтың күш- жігерінің арқасында іске асып, әскери прокуратура үшін Атырау облысының әкімі А. Мусин 2002 жылдың қараша айында Атырау қаласының орталығында әкімшілік ғимараттың бірінші қабатында Абай көшесі, 10 «а» мекенжайы бойынша орналасқан ғимарат бөліп берді. Бұған дейін әскери прокуратура қызметкерлері Атырау әскери комиссариатының екі кабинетінде, содан кейін Атырау облыстық төтенше жағдайлар басқармасы мен су шаруашылығы басқармасы ғимаратының үй- жайларында орналасқан болатын.

2010 жылғы 24 шілдеде Батыс аймағының әскери прокуратурасы Б.Құлманов көшесі, 48 мекенжайы бойынша қалалық прокуратура ғимаратына (3,4 қабатта) көшірілді. Атырау гарнизоны әскери прокуратурасының жұмысына келетін болсақ, ол 2002 жылдың наурызынан бастап жұмыс істей бастады. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 25.01.2007 жылғы No 16/6 бұйрығымен Атырау гарнизонының әскери прокуратурасы Батыс аймағы әскери прокуратурасы болып өзгертілді.

Атырау гарнизоны әскери прокуратурасының бірінші басшысы болып Бас әскери прокурордың 20.02.2002 жылғы No54 ж/қ бұйрығына сәйкес бұрын ішкі әскерлердің әскери прокуратурасын басқарған әділет майоры Мұрат Далібайұлы Мұсабеков тағайындалды. Басқа мемлекеттік органға қызметке ауысуына байланысты әділет подполковнигі М.Д. Мұсабеков әскери прокуратура органдарынан босатылды. 2007 жылғы 23 тамызда Батыс аймағының әскери прокуроры болып бұрын Ақтау гарнизоны әскери прокурорының орынбасары қызметін атқарған әділет майоры Б.Е. Бурамбаев тағайындалды.

Шекті жасқа толуына байланысты Б.Е.Бурамбаев әскери прокуратура органдарынан запасқа шығарылды. 09.10.2009 - 21.11.2014 жылдар арасында әскери прокурор қызметін әділет подполковнигі Талғат Сапарбекұлы Бекбергенов атқарды.

2014 жылғы қарашадан бастап 2019 жылғы ақпанға дейін Батыс аймағының әскери прокуроры лауазымына әділет полковнигі Жанболат Амантайұлы Аекенов атқарды. 2019 жылдың наурыз айынан бастап бүгінгі күнге дейін Батыс аймағының әскери прокуроры лауазымын әділет полковнигі Нұрлан Амантайұлы Айтуғанов атқаруда.

Сондай-ақ Батыс аймағының әскери прокуратурасында Т.С. Шандаулов, Ж.Д.Татиев, Е.Ж. Қарақұлов, М.Б. Мұсаев, М.Ж. Сағымбаев, Ж.Б. Бейбітов, С.А.Абсаматов, Б.И. Бурамбаев, С.К. Өскембаев, Б.Н. Оразалин, А.Т. Сахаев, Е.Е.Мұхамеджанов, А. Дәулетова, С. Жақанова, Е. Өнербаев, А.С. Құлтаев, М.И.Құдайбергенов, Д.А.Абеуов, М.Аманкелді, Ғ.С.Өмірбеков, А.Е. Исаев, А.О.Молдабаев, Е.С.Конаров сияқты қызметкерлер жұмыс істеді. Батыс аймағының әскери прокуратурасы құрылған сәттен бастап қазіргі уақытқа дейін Бас әскери прокуратураның қарамағында.

Одан бөлек, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету Жоғарғы Бас Қолбасшының Қарулы Күштерге қойған басты тапсырмаларының бірі болып табылады. Осы мақсатқа, Батыс аймағының әскери прокуратурасымен Атырау гарнизоны бойынша заңдылықты және әскери тәртіпті қатаң сақтай отырып қол жеткізілуде.

Әскерлерде жүргізіліп жатқан жұмысымыз қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз етуге, әскери қызметшілердің конституциялық құқықтарын сақтауға, әлеуметтік шиеленіс ошақтарын болдырмауға бағытталған. Атырау гарнизоны қиын діндарлық аймақтық ерекшелігі болып саналады.

Бізге экстремистік діни ұғымдарды әскери ортаға жібермеу, бүлдіргіш элементтердің ықпалын шектеу маңызды. Бұнда үнемі кешенді шараларды өткіземіз. Біздің бастамамыз бойынша Атырау облысы бойынша шекара қызметі департаментіне қарасты заставаларының шекара нарядтарын бейнетіркегішітермен қамтамасыз еттік. Атырауда мұнайлы-газды сала жалақысының жоғарлығы, нашар экология мен ауыр климат әскери қызметке деген қызығушылықты төмендетеді.

Осы себепке байланысты әскерде бос орындар көп. Соған қарамастан, әскери басшылықтармен бірге стратегиялық Батыс бағытта жауынгерлік әзірліктің қажетті деңгейін қамтамасыз етіп, Мемлекеттік шекараны қорғауда олқылықтарға жол бермедік. Қадағалауда басым бағыт шекара күзеті мәселесі болып табылады. Қиындықтар Каспидің жағалауы мен сулы укчаскелерінде шекара режимдерін қамтамасыз ету кезінде туындайды. Жергілікті тұрғындардың ішіндегі браконерьлер, жанжалды арандатушылықтар, негізгі бұзушылар болып табылады. Атқарылған алдын алу шараларының нәтижесінде жергілікті тұрғындармен оқыс оқиғалар және әскери қызметшілермен қару қолдану деректері тіркелмеді.

Батыс аймағы әскери прокуратурасының құрылу тарихы, қалыптасу және даму кезеңдерінен қысқаша баяндамамды аяқтай келе, қызметімізді алдағы уақытта жалғастырып, өңіріміздегі заңдылықтың беріктігін нығайту басты міндет боп қала бермегін жеткізгім келеді.

Батыс аймағының әскери прокуроры әділет полковнигі Н. Айтуғанов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521