Батыр қазақ Тасболат Ибрашев (+ВИДЕО)

(4 Votes)

Тасболат Абатұлы Ибрашев 1984 жылдың 16 Қаңтарында Атырау облысының, Исатай ауданының Аққыстау ауылында туған.

Әңгіменің турасына көшсек әкесі Абат пен анасы Сапураның дәм-тұздары жараспай ажырасып тынады да, 1986 жылы анасымен бірге нағашыларын сағалап Астрахань қаласына қоныс аударады. Әскери борышын Солтүстік Осетия-Аланияда шекарашылар бөлімінде, біраздан соң келісім шарт бойынша Шешенстанның, Шали қаласында 42-і Гвардиялық мотоатқыштар дивизиясы құрамында, 70-і Гвардиялық мотоатқыштар полкінде өткізеді.

«Бізді дабыл бойынша оятты. Командир Грузияға барамыз деп айтты. Онда соғыс жүріп жатыр, бейбітшілікті жақтаушы елге көмектесу міндетіміз, деді. Біз сол күні кеште жолға шықтық. Түні бойы жүріп отырдық. Таң алдында ғажайыптары қирандыға айналған Цхинвалиға жеттік. Қарсыластардың жасырын күші бар ма, соны анықтау жөнінде тапсырма алып, бұл міндетті бұлжытпай орындап шықтық. Одан әрі бізді Грузияның Гори қаласының шыға берісіне блокпостыға қойды, алдында айтқан оқиға орын алғанға дейін екі тәулікті сол жерде өткіздік» дейді Тасболат Ибрашев сол өткен күндер жайлы күрсіністі ойға беріле.

«Бізге полковник Штонденко Юрий Владимирович келіп командирімізден тәуір пулеметші көмекшісімен және атқышты қоса беруін талап етті», дейді одан әрі Тасболат Ибрашев.

«Баратындар қатарына ілігіп таблетка УАЗ-452 автокөлігімен Грузия жолымен жүріп біз келгенше, олардың автомотоколоннасы да жақындап қалған. Полковник Штонденко маған қаратып:–Колоннаны бізге қарай өткізбей, ақырына дейін ұстап тұрасың, деп бұйық берді.

-Мен оларды ұстап тұра алмасам ше, жалғыз өзім не істей аламын?

-Бұл бұйрық.

-Құп болады. Мен солай бұйрықты орындауға кірістім. Артымда екі жауынгердің жерде жатып, қарсыластарды нысанаға алғанын білгенім жоқ. Мен ондаған грузин арнаулы жасағының (спецназ) жауынгерлеріне қарама-қарсы оларды көздеп тұрдым, шамамен 40 минуттан аса мерзім. Қимылдаса шүріппе басатын едім, өйткені бұл маған берілген бұйрық.

«Жолдан кет, біз қалайда өтеміз» деген қарсыластарға қаймықпай тұрып: «кетсеңдер кетіңдер «анаған», жайратып салмай тұрғанымда» дегенімде өзіміздің полковник: «Енді жерге жатып қарауылда, деп бұйрық берді. Сірә, сағатқа жуық пулемет көтерудің, әрі көз айырмай көздеп тұрудың қандайлығын түсінгені.

Әріректе терек жамылып тұрған журналистер тобы маған жақындап келіп, «не үшін басыңды бәйгеге тігіп тұрсың» деген сынды сұрақтарын қойып жатты. Жастық ғой, қорқу деген ойыма кіріп те шықпайды. «Бұйрық. Ол бұлжымай орындалуы керек. Отан үшін әрине», деп қоямын еш саспастан. «Жалғыз пулеметші мені өлтіруі мүмкін, мен де жастығымды ала кетермін» деп сіресемін іштей. Бір тәуірі анам мұнда екенімді білмейді. Осыдан екі күн бұрын сөйлескенімде сол бұрынғыша Шешенстанда дей салғанмын, Грузияға баратынымды бүгіп қалғаным қандай жақсы болған!»

Грузин жасағы енді не істеу керектігін ақылдасып шешкенінше Тасболаттың артынан өңешін алға созып екі бірдей танк Т-72, Т-62,-нің «Урал оқ ату көлігінің келіп үлгергенін қаһарман жауынгер сезген де емес, жалғыз болсам да жауыма берілмеспін деген ойдан арылған жоқ ол. Әп, бәлем деп көздеп тұрды қарсы жақты. Тасболат қорықпасыншы деп айтпаса да, анасы мен екі апасы оның жауына қасқая қарсы қарап тұрғанын Ресейдің Орталық телехабары қайтасын-қайта көрсетіп жатқанда, бәрібір біліп қойды.

Таңатар  Дәрелұлы,

ҚР Жаушылар  Одағының  мүшесі, 

Қазақстанның  Құрметті  журналисі,

Құрманғазы  ауданының  Құрметті  Азаматы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521