Бүгін еліміздің басым бөлігінде нөсер жауын болады

(0 Votes)

26 маусым күні циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттардың ықпалынан Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауады, кей жерлерде найзағай, бұршақ күтіледі.

Еліміздің тек батыс бөлігінде жұма жауын-жашынсыз өтеді. Республика бойынша кей жерлерде желдің күшеюі, дауыл, күндіз оңтүстік-батыста шаңды дауыл болжанады, - деп жазады Egemen.kz.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал.

Қостанай облысында сондай-ақ дауыл күтіледі. Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қарағанды, күндіз Алматы, Жамбыл, Түркістан, Ақтөбе, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с артады. Күндіз Маңғыстау облысында шаңды дауыл тұрады. Атырау облысының түнде басым бөлігінде, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда облысының түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с жел болады. Күндіз оның екпіні 23-28 м/с жетуі ықтимал. Алматы облысында күндіз қатты ыстық күтіледі.

Атырау, Қызылорда облыстарында, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

egemen.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521