Азық-түліктің әлемдік бағасы биыл да, келесі жылы да қымбат болады – Ұлттық банк

(0 Votes)

ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ғалымжан Пірматов Қазақстан үшін сыртқы инфляциялық жағдай неліктен қолайсыз болатынын түсіндірді.

«Биыл макроэкономикалық ахуал геосаяси жағдайдың нашарлауы мен әлемдік қаржы, тауар нарығындағы құбылмалықтың артуы аясында дамып жатыр. Геосаяси шиеленістен тауар жеткізу проблемалары күрделеніп, әлемде инфляциялық қысым күшейіп келеді. Осыған байланысты Халықаралық валюта қоры жаһандық инфляцияның жоғары деңгейі алдыңғы болжаммен салыстырғанда ұзағырақ сақталады деп күтеді», - деді Ғалымжан Пірматов Сенат отырысында.

Біріккен Ұлттар Ұйымы қадағалайтын әлемдегі азық-түлік бағасы индексі 1990 жылдан бастап ең жоғары көрсеткішке жетті. Азық-түліктің әлемдік бағасы 2022 жылы да, 2023 жылы да жоғары деңгейде қалады деп күтіліп отыр.

«Азық-түлік, шикізат, жанар-жағар май, газ бағасының қымбаттауынан Еуроодақ пен АҚШ-тағы инфляция көп жылдық рекордты көрсетіп отыр, ал Ресейде инфляция 16,7%-ға жетті. Мұндай жағдайда дамыған елдер ақша-кредит талаптарын күшейтеді, бұл дамушы елдердің валюталарына қысым жасайды. Осыған байланысты Қазақстан үшін сыртқы инфляциялық жағдай қолайсыз болып қалыптасып отыр», - деді Ұлттық банк төрағасы.


Соңғы жаңалықтар

Республика күні

25qazan-respublika

Фотогалерея

Сауалнама

Вакцинаға көзқарасыңыз қандай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика