Азаматтардың құқы мен заңды мүдделерін қорғау басты парыз!

(0 Votes)

Тәуелсіз елімізде басты қадағалаушы орган прокуратураның алатын орны ерекше. Ол жөнінде Елбасымыз «Прокуратура құқықтық демократиялық мемлекеттің ең маңызды институты.

Заңдылықтың сақталуын қадағалау, азаматтардың құқы мен заңды мүдделерін қорғау оның міндеті ғана емес, қасиетті парызы да» деп атап өткендей, елімізде прокуратура органдарының атқаратын міндеттері ауқымды.

Демек, қазіргі кезеңде адам, оның құқықтары мен бостандығы және азаматтардың сенімі прокурорлар қызметінің маңызды бағыты болып отыр. Қазақстан Республикасы Конституциясының 16-бабының талаптарына сәйкес, әркім өзінің жеке басының бостандығына құқығы бар. Адамды заңмен көзделген жағдайда және тек қана соттың санкциясымен тұтқындауға және қамауда ұстауға болады. Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамды ұстауды – қылмыстық қудалау органы (полиция және т.б.) қылмыстың жолын кесу және оған күзетпен ұстау түрiндегi бұлтартпау шарасын қолдану туралы мәселенi шешу мақсатында немесе оның жасырынуы не неғұрлым ауыр қылмыс жасауы мүмкін деп пайымдауға негіздер болса қолданады. Осы Кодекстің 129-бабының 1-бөлігіне сәйкес, адамды полиция және т.б. органға жеткізу – оның қылмыстық құқық бұзушылыққа қатыстылығын анықтау мақсатында үш сағаттан аспайтын мерзімге қолданылатын мәжбүрлеу шарасы. Осы Заңнама талаптарын орындау мақсатында аудан прокуратурасы а.ж. үш айында бірқатар жұмыстар атқарды.

Атап айтқанда, осы мерзімде қылмыстық қудалау заңдылығын қадағалау саласында ұйымдастырылған жұмыстардың нәтижесімен азаматтардың қылмыстық жауапкершілікке заңсыз тартылуына жол берілмеді. Сондай-ақ, кезекші прокурорлар күнделікті тексеру жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде аудандық полиция бөлімінің ғимаратында үш сағаттан артық негізсіз ұсталған Құрманғазы ауылының бір тұрғынын және уақытша ұстау изоляторына заңсыз қамалған көршілес Ресей Федерациясының бір азаматшасын анықтап, олардың екеуінде дереу босатып, конституциялық құқықтарын қорғады. Орын алған өрескел заң бұзушылықтар бойынша полиция бөлімінің кінәлі лауазымды тұлғаларын тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде прокурормен ұсыну енгізіліп, қазіргі уақытта Атырау облысы Полиция департаментімен қаралуда.

Алдағы қызмет барысында да аталған бағыттағы жұмыстар өзінің жалғасын тауып, азаматтардың құқықтарын бұзумен байланысты сигналдарға шұғыл түрде ден қойылатын болады. Осылайша бекітілген жұмыс стандарттарына сәйкес аудан көлемінде қызмет атқаратын прокурорлар азаматтардың, оның ішінде қылмыстық процеске қатысушы тұлғалардың конституциялық құқықтарын қорғауға, сондай-ақ олардың қылмыстық жауапкершілікке заңсыз тартылуының жолын кесетін болады.

 

Құрманғазы ауданының прокуратурасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521