Қазақстанда кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеуші саясат енгізілуде — Ә. Қуантыров

(0 Votes)

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің отырысында кәсіпкерлік қызметті реттеудің жаңа тәсілдерін іске асыру мәселесі қаралды.

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров пен «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының міндетін атқарушы Нариман Әбілшайықов баяндама жасады. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың айтуынша, Мемлекет басшысы 2021 жылғы 30 желтоқсанда Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясатты енгізу мәселелері жөніндегі Заңға (бұдан әрі – Заң) қол қойды.

«Заңды іске асыру мақсатында биылғы 1 ақпанда Заңның қолданылуын қамтамасыз ету үшін қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесін бекітуді көздейтін Премьер-Министр өкімінің жобасы Үкіметке енгізілді. Тізбе 164 нормативтік-құқықтық актіні қамтиды», — деді Ә. Қуантыров. Министрдің айтуынша, Реформаның негізі үш маңызды акті: 1) Реттеушілік әсерді талдау және пайдалану қағидалары; 2) «Реттеушілік актілері «Міндетті талаптар тізіліміне» енгізілуге жататын салаларды айқындау туралы» Үкімет қаулысы; 3) Кәсіпкерлік саласындағы Міндетті талаптардың тізілімін жүргізу қағидалары. Сәуір айында қабылдау жоспарланып отыр. Актілер әзірленді, олар бойынша келісу процесі жүргізілуде. Осыған байланысты мемлекеттік органдар жобаларды уақтылы әзірлеу және қабылдау үшін белсене қатысуы тиіс. Актілер әзірленді, олар бойынша келісу процесі жүргізілуде. Осыған байланысты, министрдің айтуынша, мемлекеттік органдар жобаларды уақытылы әзірлеу және қабылдау үшін белсене қатысуы тиіс. «Заңның маңызды новелласы – Кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптар тізілімі», — деді Ә. Қуантыров.

Тізілімде реттеушілік актілердің жаңа реттеушілік саясатқа сәйкестігі тұрғысынан оларға талдау жүргізу мерзімдері айқындалатын болады. Егер реттеуші орган осы талдауды мерзімінде жүргізбеген жағдайда, онда мұндай актілердің күші жойылады және Тізілімінен шығарылады. Тізілімнің ерекшелігі – кәсіпкерлерді Тізілімнен шығарылған және мерзімінде жойылмаған талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершіліктен босату болып табылады. Тізілім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап іске қосылады. Сонымен қатар, бүгінде оны қалыптастыру бойынша жұмыстар басталды. «Таза парақтан» реттеуді енгізу жұмысы бойынша 2022-2023 жылдарға арналған кесте әзірленді. Жоспар ұйымдастырушылық сипаттағы барлық шараларды, орындау мерзімдері мен кезеңдерін, сондай-ақ жауапты мемлекеттік органдарды қарастырады», — деді Ә. Қуантыров.

Министрдің айтуынша, Министрлік мемлекеттік органдарды бизнесті реттеудің жаңа тәсілдеріне оқыту үшін сарапшылар құрамын қалыптастырды. Бұл оқыту бір ай бойы жүргізіледі. Қазіргі уақытта мемлекеттік органдар реттеушілік актілердің жаңа реттеушілік саясатқа сәйкестігіне қайта қарау үшін салалық жұмыс топтарын құру жұмысын аяқтауда. Биылғы наурыздың соңына дейін мемлекеттік органдар жұмыс топтарымен бірлесіп, Тізілімге енгізу үшін жетекшілік ететін салалар бойынша реттеу актілерінің тізбесін қалыптастырады.

«Осы жылғы 30 наурыздан бастап кестеге сәйкес жаңа реттеушілік саясатқа сәйкестікке қойылатын талаптарға талдау жүргізілетін болады», — деді Ә. Қуантыров.

Оның айтуынша, актілерді талдау және талқылау кезеңінен кейін мемлекеттік органдар оларды қайта қарайды. Бүгінгі таңда Министрлік Бизнес-омбудсменмен және «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп осы салалардағы реттеуші актілерді зертеу бойынша жұмыс жүргізді. 2021 жылы алдын ала 424 құқықтық акті қаралғанын атап өткен жөн, онда шамамен 17,6 мың талап белгіленген, оның 40%-дан астамы жаңа тәсілдерге сәйкес келмейді. Осылайша министр осы бағыттағы жұмыс бақылауда екенін атап өтті. Сонымен қатар Заңға сәйкес Тізілім қалыптастырылатынын және жүргізілетінін атап өткен жөн. «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйе базасында Тізілім жұмысын қалыптастыру және техникалық сүйемелдеу бойынша жұмыс қаржыландыруды талап етеді. Министрлік 2021 жылғы қарашада Қаржы министрлігіне тиісті өтінім енгізді. Сондай-ақ салалық сарапшылардың реттеуші актілерді талдау және қайта қарау бойынша жұмысы қаржыландыруды талап етеді. Осыған байланысты министр Қаржы және Әділет министрліктеріне жақын арадағы бюджетті нақтылау шеңберінде қаражат қарастыруды сұрады.

«Сондай-ақ Заңда мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесін өзгерту көзделген. Мемлекеттік бақылаудың жаңа нысандары тексерулерден профилактикалық іс-шараларға көшуді қамтитын болады», — деді Ә. Қуантыров.

Заң шеңберінде Министрлік тексерулер жүргізу кестелерін қалыптастыру кезінде қамтамасыз ететін тәуекелдерді басқару жүйесін автоматтандыру жөніндегі норманы заңнамалық бекітуді қамтамасыз етті. Бұл норма 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Мұндай автоматтандыру болмаған кезде бақылау субъектілерінің жалпы санының 5%-на ғана қатысты бақылау жасауға жол беріледі. «Бұл бақылау және қадағалау органдарының бизнестің проблемалық субъектілерін ретке келтіруге және шоғырландыруға, бұл ретте заңға бағынатын кәсіпкерлерге әкімшілік қысымды төмендетуге мүмкіндік береді», — деді Ә. Қуантыров.

Мемлекет басшысы кәсіпкерлермен кездесуде мемлекеттік бақылау жүйесін автоматтандыруды аяқтауды тапсырды. Бұл шаралар осы тапсырманы орындауға мүмкіндік береді. Аталған тапсырманы сапалы іске асыру үшін Цифрлық даму министрлігі 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін мемлекеттік органдардың тәуекелдерді басқару жүйесін автоматтандыруды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысын бақылауға алғаны жөн. Бұл ретте Министрлік бүгінгі күні осы мәселе бойынша жұмыс тобын құрды және қазіргі уақытта Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетімен бірлесіп Тексеру субьектілері мен обьектілерінің бірыңғай тізілімі базасында тәуекелдерді басқару жүйесін автоматтандыруды қамтамасыз ету мүмкіндігі пысықталуда. «Жалпы алғанда жаңадан реттеуді енгізу бойынша одан әрі жұмыс кесте шеңберінде жалғастырылады және тұрақты бақылауда болады», — деді Ә. Қуантыров.

Өз кезегінде «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының міндетін атқарушы Нариман Әбілшайықов бизнес-қауымдастықтың кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеу саясатын енгізу мәселесіне қатысты ұстанымы туралы айтып берді. Оның айтуынша, Мемлекет басшысының «таза парақтан» реттеуді енгізу жөніндегі тапсырмасын орындау үшін «Атамекен» ҰКП Ұлттық экономика министрлігімен бір жарым жыл бойы бірлесіп жұмыс жүргізіп келеді. Өткен жылғы 30 желтоқсанда қабылданған жаңа реттеушілік саясат жөніндегі заңда көрсетілген базалық тәсілдер әзірленді. Осыған байланысты, нақты реформалар жүргізуді қамтамасыз ету үшін Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп, реттеуді «таза парақтан» енгізудің мынадай тактикасы ұсынылады. «Біріншіден, уақыт пен ресурстарды тиімді пайдалану мақсатында нақты жұмыс кестесін айқындау қажет. Біз мемлекеттік реттеуді қайта қарау бойынша Үкіметтің желілік кестесін әзірледік», — деді Н. Әбілшайықов.

Бұл жоспарда әрбір мемлекеттік органның орындалу мерзімі мен аяқталу нысаны көрсетілген міндеттері, сондай-ақ үздік әлемдік тәжірибелерді зерттеу және қолдану қажеттілігі егжей-тегжейлі сипатталған. Екіншіден, қазіргі уақытта құқықтық актілердің жобаларын дайындау бойынша жұмыс жүргізілуде.

«Бұл НҚА-ларды қабылдау Жаңа реттеушілік саясат жөніндегі Заңды іске асыру үшін қажет. Қысқа мерзімді ескере отырып, оларды келісу бойынша мемлекеттік органдардың жұмысын жандандыру қажет», — деді Н. Әбілшайықов.

Үшіншіден, жұмыстың ауқымдылығын ескере отырып, бюджет қаражаты есебінен қаржыландыруды талап ететін Міндетті талаптар тізілімін жасау және жүргізу жөніндегі жұмысты жеделдету қажет. Н. Әбілшайықовтың айтуынша, қазірдің өзінде Әділет министрлігінің Заңнама және құқықтық ақпарат институтымен бірлесіп техникалық тапсырманы әзірлеуді бастау қажет. Төртіншіден, Н. Әбілшайықов 2022 жылы бизнеске қойылатын талаптарды қайта қарау жұмыстарын қаржыландыру мәселесін тездетіп шешуді сұрады.

«Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет саласындағы жаңа реттеушілік саясатты одан әрі енгізу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне түзетулердің екінші пакетін әзірлеу жұмысы ерекше назар аударуды талап етеді. Базалық қағидаттарға сәйкес салалық НҚА жүргізу бойынша мемлекеттік органдардың жұмысын жандандыру қажет», — деді Н. Әбілшайықов.

primeminister.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521