Қазақстан электр қуатының тапшылығына ұшырауы мүмкін

(0 Votes)

ҚР Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов Қазақстанда электр энергия тапшылығы болуы мүмкін екенін айтты.

Оның айтуынша, KEGOC компаниясының бағалауы бойынша 2022-2023 жылдардағы жылу беру маусымында электр энергиясының тапшылығы 1-1,5 млрд кВтсағ болмақ.

Мұндай жағдай жылу беру маусымында уағдаластық бойынша Қырғызстанға электр энергиясын берген кезде болуы мүмкін. Аталған келісім аясында Қырғызстан жағы еліміздің оңтүстік өңірлеріне суды тиісті көлемде жібереді.

«Алдағы қыс кезінде де электр энергиясын беру ескерілген. Тапшылық бойынша KEGOC есептеп шығарған мәліметке қарағанда, Қырғызстанға энергия жеткізу сақталса, онда тиісті тапшылық көлемін өтеу керек. Бұл тұрғыда қыс кезінде еліміздің станцияларының техникалық жағдайы маңызды болып тұр. Атап айтқанда, ел аумағын энергиямен қамтамасыз ету министрлік пен жүйелік оператордың міндеті. Барлығы электр энергиясымен толық көлемде қамтамасыз етілетін болады», - деді вице-министр.

 

фото:ашық дереккөз

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика