Авторлық құқыққа ие болды

(0 Votes)

Атыраудағы NIS тәлімгер-кураторы Гаухар Смаева өз төл шығармашылық жобасына авторлық құқық алды.

Ол 2018 жылдан бастап мектепішілік, ал, 2022 жылдан бастап облыстық көлемде қазақ әдебиетінің қабырғалы қаламгері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Жұмекен Нәжімеденов шығармашылығының алуан қырлылығын, халқына қалдырған мол мұрасын және поэзиядағы отты жырларымен бірге прозадағы елеулі еңбегі де бір бөлек дара дарынның шығармаларын насихаттау мақсатында «Елім менің» атты Жұмекен оқуларын дәстүрлі ұйымдастырып келеді.

Аталған байқау мына бағыттарды қамтиды: «Қалтқысыз сыр, қайсар жан» – Жұмекен шығармашылығын зерттеу; «Ақ боз атпен ақ бұлтты аралаған» – эссе жазу; «Жұмбақ Жұмекен» – ақынның шығармасын иллюстрациялау; «Арқалы жырдың тұғыры» – көркем сөз өнері.

Осылайша, танымал тұлғаны насихаттауға өзіндік үлес қосып жүрген тәлімгер жуырда ғана «Елім менің» Жұмекен оқулары бағдарламасының авторлық құқықтық куәлігіне ие болды.

Әріптесімізге шығармашылық табыс тілейміз!

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521