Ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеру үшін инновацияға батыл қадам жасау керек. Бүгінде әлем агросекторда жасанды интеллектке сүйеніп отыр. Бізге де дәл осы бағыт ауадай қажет.
AI жер сапасын бағалап, егін өнімділігін алдын ала болжайды, суды үнемдеу режимін есептейді, егін егудің тиімді уақытын көрсетеді. Бұл – шаруаларға нақты шешім қабылдауға мүмкіндік беретін үлкен көмек.
Сонымен қатар спутниктік мониторинг пен дрон технологиялары арқылы пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтау әлдеқайда жылдам әрі дәл жүргізіледі.
Осындай жүйелер ауыл шаруашылығын толық цифрландырып, әр гектардың тиімділігін нақты бақылауға мүмкіндік береді.
Инновация – агросектормен қатар жүретін жаңа күш.
Жасанды интеллект енгізілген сайын өнім сапасы артып, шығын азаяды, экспорттық әлеует күшейеді.
Ауыл шаруашылығын алға сүйрейтін – технология.
Ал AI – сол өзгерістің өзегі.
Серік-Оразғали Алғаязов,
“Алғаяз” шаруа қожалығының басшысы


