Атыраулық жүзушілер Байқоңырда өткен жарыста үздіктер қатарынан көрінді

(0 Votes)

26 желтоқсанда ГБУ «Орион» бассейнінде жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында жүзуден Байқоңыр қаласының жыл сайынғы Ашық біріншілігі — «Жаңа жылдық старттар» өтті.

Жарысқа Ақтау, Атырау, Байқоңыр және Қызылорда қалаларынан 121 спортшы қатысты. Төрт дисциплина бойынша 48 медаль жиынтығы сарапқа салынды:
50 м баттерфляй
50 м шалқалап жүзу
50 м брасс
50 м еркін стиль

Атырау құрамасы жалпыкомандалық есепте жоғары нәтиже көрсетіп, келесі жүлделерге ие болды:
10 алтын
12 күміс
10 қола медаль

Алтын медаль иегерлері:
Сали Аяна — 4
Рүстемұлы Рустам — 3
Нұрланқызы Мидина — 2
Азаматқызы Айзере — 1

Күміс медаль иегерлері:
Ерболат Раяна — 3
Карелов Марсель — 2
Бағыт Сұлтан — 2
Азаматқызы Айзере — 2
Пхулаван Адам — 2
Нұрланқызы Мидина — 1

Қола медаль иегерлері:
Карелова Амелия — 3
Пхулаван Адам — 2
Карелов Марсель — 1
Милев Вадим — 1
Бағыт Сұлтан — 1
Жұмабай Жұлдыз — 1
Бахытқызы Амира — 1

Жарыстың демеушісі ПАО «ПСБ банк» абсолютті жеңімпаздарды естелік сыйлықтармен марапаттады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT