Қызылорда қаласында өткен Ұлттық құрылтай барысында Қазақстан Президенті құрылтай жұмысына белсене қатысып, реформалардың табысты жүзеге асырылуына елеулі үлес қосқан бір топ азаматты мемлекеттік наградамен марапаттады. Олардың қатарында мұнай-газ саласының ардагері Мақсым Ізбасов «Барыс» орденімен наградтталды,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Мақсым Ізбасов өзінің ұзақ жылғы кәсіби қызметінде мемлекеттілікті нығайтуға, халықаралық және өңірлік ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ қоғамдық бастамаларды қолдауға зор үлес қосты.
Ол мемлекеттік қызмет пен мұнай-газ саласында көп жыл бойы еңбек етіп, аймақтық қоғамда беделді тұлға ретінде танылған. Сонымен бірге Жылыой ауданының әкімі қызметін атқарған тұсында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында елеулі еңбек етті.


