Атырауда жыл басынан бері 112 адамды ит қапқан

(0 Votes)

Қалада төртаяқтылардың адамдарға шабуылдап, жарақат салуы көбейді.

Жыл басынан бері 112 адамды ит болып апса, оның 70-сі балалар. Бұл жөнінде Атырау қалалық прокуратурасының прокурорлары мәлімдеп отыр.

Қала прокуратурасы уәкілетті органдардың тарапынан бұралқы иттерді аулау бағытындағы жұмыстарының тиімсіздігіне және «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңының дұрыс орындалмауына байланысты ұсыну енгізді. Сөйтіп прокуратура, полиция және жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерінен құралған арнайы мобильдік топ жасақталып, кешенді шаралар жоспары бекітілді.

Қабылданған шараларға қарамастан, адамдарды ит қауып алу фактілері әлі де тоқтар емес. Осыған байланысты, прокуратура ата-аналарға өз балаларын қоғамдық орындарда ерекше бақылау жасау қажеттілігін ескертеді.

Бүгінгі күні жануарларды қорғау саласындағы заңнаманың сақталуы, оның ішінде бұралқы иттерді аулау мәселесі қала прокурорының жеке бақылауына алынды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика