Атырауда жол құрылысында кемшіліктер орын алған

Рейтинг: 0 / 5

Ақаулар негізінен республикалық маңыздағы және жергілікті деңгейдегі жол құрылысына байланысты болып отыр.

«Бұл туралы «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Атырау облыстық филиалының директоры Ербол Кенжешов мәлімдеді» делінген Atr.kz сайтында.

«Нақты айтқанда, өткен жылы технологиядан ауытқудың 80 дерегі анықталды. Ал, 36 дерек жол құрылысына пайдаланылып жатқан материалдардың мемлекеттік стандартқа сәйкес еместігіне байланысты болып отыр.

Дер кезінде тапсырыс берушілер мен мердігер мекемелерге ескерту беріліп, кемшіліктер уақытылы жойылды» деп нақтылады спикер. Филиал басшысының мәліметінше, былтыр облыстағы республикалық маңызға ие және жергіліктегі деңгейдегі жолдарға 559 мәрте тексеріс жүргізілген.

Жол құрылысы материалдарынан 490 рет сынама алынған. «Әсіресе, «Ақтөбе – Атырау – Астрахан» тас жолы қатаң бақылауда. Бұл жұмыстар биыл да жалғасады. Қазіргі уақытта жалпы ұзындығы 1120 шақырым болатын республикалық, 2500 шақырым болатын жергілікті деңгейдегі автокөлік жолдарын сараптау көзделіп отыр» деді спикер Atr.kz-ге берген сұхбатында.

Еске сала кетелік, «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны өткен жылы құрылды. Оның басты функциясы – автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту, орташа жөндеу, ағымдағы жөндеу, күтіп ұстау кезіндегі жұмыстарға және материалдардың сапасына сараптама жүргізу.

Орталық республикалық маңызы бар жолдардан бөлек, жергілікті деңгейдегі жолдардың да сапасын тексеру құқығына ие.

Atr.kz

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика