Атырауда жаппай тәртіпсіздікке қатысқан күдіктіден атыс қаруы тәркіленді

(0 Votes)

"Атыраулық полицейлер облыс орталығында болған жаппай тәртіпсіздік кезінде әскерилер мен полиция қызметкерлеріне күш қолданып, қорғаныс құралдарын заңсыз иемденген бұзақыларды қолға түсіруде" деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Олардың бірі бұрын заңсыз әсері жоғары психотропты дәрілерді сатып алғаны үшін жауапқа тартылған 1997 жылы туылған қала тұрғыны. Оның үйін тінту кезінде әскерилердің оқ өткізбейтін 3 дана бронды жилеттері тәркіленді.

"Ал, жаппай тәртіпсіздікке қатысты ұсталған 1991 жылғы күдіктінің үйінен атыс қаруы тәркіленді. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу амалының құпиялығына байланысты, өзге ақпарат жариялануға жатпайды" делінген Атырау облысы полиция департаменті таратқан мәліметте.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика