Атырауда жағалаудағы үйлердің тұрғындары дамбы құрылысына кедергі келтіріп тұр

(0 Votes)

- Жайық жағалауына тым жақын орналасқан жеке тұрғын үй секторының тұрғындары құрылыс жұмыстарына кедергі келтіріп тұр,- деп хабарлайды ТЖ жөніндегі жедел штаб.

Атырау қаласы аумағында Жайық өзені жағалауын бекіту жұмыстары жүргізілуде. Кейбір бөліктегі жоспарланған жұмыстар аяқталып, қауіпті деген аймақтарға арнайы техникалар көбейтіліп жатыр. Кей тұрғындар өз аулаларын бұздыртып бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізілуіне қарсы.

Бүгін қала әкімі Шәкір Кейкин Сельстрой шағын ауданындағы Халелова көшесінің тұрғындарымен кездесті. Жайық жағалауына тым жақын орналасқан 29 тұрғын-үй иелері өз аулаларын бұздыртып, құрылыс жұмыстарын жүргізуге қарсылықтарын танытты.

- Қала әкімі шешімімен бөгет тұрғын-үйлер алдындағы тас жолдың үстінде тұрғызылатын болды. Бұл шешіммен аталған көше тұрғындары толық келісті. Тұрғындар тұрғын-үй секторында тасқын судан қорғану мақсатында өз күштерімен қорғаныс бөгеттерін тұрғызуда. Оларға әкімдік тарапынан қажетті құрылыс материалдыры мен әскер бөлінетін болады. Қала тұрғындарының қауіпсіздігі мақсатында құрылыс жұмыстарына кедергі келтірмей, түсіністік танытуларыңызды сұраймыз.

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT