Атырауда жаңа туған қызын көшеге қалдырып кеткен әйел табылды

(0 Votes)

Атырауда жаңа туған қызын далаға тастаған әйел ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әйел жедел басқару орталығының (ЖБО) бейнебақылау камераларының көмегімен табылды. Ұсталған әйел 1998 жылғы Орал тұрғыны болып шықты. Ол Атырауға баласын босанып, одан құтылу үшін әдейі келген»,-деп хабарлады өңірлік Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Атырауда жылу трассасының бойынан жаңа туған қыз баланың табылуына байланысты 119 баптың 1-ші бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сәрсенбі күні Авангард шағын ауданында жергілікті тұрғындардың бірі жылу желісінің бойынан жаңа туған сәбиді тауып алған.

Нәресте облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ведомство өкілдері аталмыш қылмыстың 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеуді және осы көлемде түзеу мақсатындағы жұмыстарды атқаруды, сондай-ақ 120 сағаттық қоғамдық жұмысқа тарту немесе 45 тәулікке қамауға алу жазасын қарастыратынын айтты.

Егер қауқарсыз адамға абайсызда ауыр немесе орта деңгейдегі зақым келтірсе 2 мың айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді немесе осы көлемде түзеу мақсатындағы жұмыстарды атқарады, сондай-ақ екі жылға бас бостандығы шектеліп, болмаса осы мерзімге қамауға алынуы мүмкін.

Осыған дейін кәріз коллекторының жанына тастап кеткен нәрестені құтқару жұмыстары жүріп жатқаны хабарланған болатын. Сондай-ақ осы оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу басталғаны айтылды.

А.Соколов 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521