Атырауда жүргізуші 1,2 млн теңгені құрайтын 51 айыппұлын төлемеген

(0 Votes)

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, айыппұлын төлемей жүрген жүргізуші 25 сәуірде ұсталған.

«Атырау қалалық полиция басқармасының жедел басқару орталығының бейнебақылау қызметкерлері «Іnterceptor» іздеу жүйесі арқылы Махамбет көшесінің бойынан «Chirman» маркалы автокөлігін анықтап, «Батыс-23» экипажының қызметкерлеріне бағыттама берген. Ресей Федерациясында есепте тұрған көлік Құрманғазы көшесінің бойында тоқтатылды.Тексеру кезінде көлік жүргізушісінің 1 млн 200 мың 075 теңгені құрайтын 51 айыппұлын төлемегені анықталды. Сондай-ақ, жүргізушінің қауіпсіздік белдігін тақпағаны, міндетті сақтандыру шартын жасамағаны белгілі болды», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Көлік жүргізушісіне қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 230-бабының 2-бөлімімен (Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актісіне сәйкес міндетті сақтандыру шартын жасасуға міндетті тұлғаның міндетті сақтандыру шартын жасаспауы) және 593-бабының 2-бөлімімен (Қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану қағидаларын сақтамау) әкімшілік хаттамалар толтырылды. Жүргізушіге 45 945 теңге көлемінде айыппұл салынды.


ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика